Орал ШӘРІПБАЕВ: "Карантинді күшейту қажет"
Пандемияның алғашқы толқынында ел бұл дертке сенбей қанша адам ауырып, одан әрі бақилық болып кетіп жатқаны естерінен кеткен іспетті. Әлемді жаулаған дерт елімізге де ауыр тиді. Күнде бұқаралық ақпарат беттерінде ШҚО-да осынша, мынанша ауыру шығып жатыр деген хабарларға куәміз. Бұл қауіпті тенденция! Сондықтан қабылданып жатқан шектеулер орынды. Қазір бәрі босанысып кетті. Маска тағудан қалып, той домалақтарда жиналып, қауіпсіздік ережелерін ескермей кеттік. Қабылданып жатқан карантиндік шектеулерге түсіністікпен қарап және оны сақтауға шақырамын.
Орал Шәріпбаев
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице- президенті
