Рымбек БАУЫРЖАНОВ: "Шектеулер, індеттен тез арылуға басатын қадам"
Карантин ережелерін сақтау бойынша қолданып отырған шектеулер өте орынды деп есептеймін, себебі пандемияның бірінші толқыны көрсеткен қиындықтардың алдын алу мақсатында жасалып отыр. Бұл шектеулер осы жаһанды жаулаған індеттен тез арылуға басатын қадам болса керек. Медицина саласы үшін қысымды, жүктемені жеңілдету болып табылады. Сол себепті барлық құзырлы органдардың қызметіне сеніммен қарап, шыдамдылық таныту керек деп есептеймін.
