СІЗ КІМСІЗ, САДЫРБАЕВ МЫРЗА? (3-бөлім)
“ Хайпшыл Халықшыл бизнесмен”“Әр қазақ бай болсын!”- А.Садырбаевтың сүйікті ұраны. “Аңқау елге арамза молда” дегендей, осы ұранымен Садырбаев мырза көп қазақтың басын айналдырып жүр. Расында “Әр қазақ бай болсын!” деген популистік ұранның артында блатной қойшының бизнес мүддесі тұр. Qazyna study деп аталатын интернет бизнесіне клиенттерді көптеп тартып, оларға 45 000 теңгелік курсын сату мүддесі тұр. профессорлар сабақ беретін аграрлық университеттерде мал дәрігер мамандығы 4-5 жыл оқытылады. Ал бизнесмен-саясаткер Садырбаевтың онлайн мектебінде 15-20 күнде курс тыңдаушылары мал дәрігер болып шығады. Бұл қалай?Қазір қазақтың делебесін қоздыратын қандай тақырыптар? Дұрыс, жер мен шошқа шаруашылығы мәселесі. Осы екі мәселеден блатной қойшы Садырбаев хайп жасауға бекер тырысып жүрген жоқ. Же…