“ Хайпшыл Халықшыл бизнесмен”
“Әр қазақ бай болсын!”- А.Садырбаевтың сүйікті ұраны. “Аңқау елге арамза молда” дегендей, осы ұранымен Садырбаев мырза көп қазақтың басын айналдырып жүр.
Расында “Әр қазақ бай болсын!” деген популистік ұранның артында блатной қойшының бизнес мүддесі тұр. Qazyna study деп аталатын интернет бизнесіне клиенттерді көптеп тартып, оларға 45 000 теңгелік курсын сату мүддесі тұр. профессорлар сабақ беретін аграрлық университеттерде мал дәрігер мамандығы 4-5 жыл оқытылады. Ал бизнесмен-саясаткер Садырбаевтың онлайн мектебінде 15-20 күнде курс тыңдаушылары мал дәрігер болып шығады. Бұл қалай?
Қазір қазақтың делебесін қоздыратын қандай тақырыптар? Дұрыс, жер мен шошқа шаруашылығы мәселесі. Осы екі мәселеден блатной қойшы Садырбаев хайп жасауға бекер тырысып жүрген жоқ. Жер мәселесі жаңадан құрылатын Жер комиссиясында шешілетіні белгілі. Оған осы салада жүрген бизнесмендер мүше болуға әбден тырысып жатыр. Комиссияға мүшелерді іріктеген кезде министрлік кандидаттардың танымалдығына назар аударатыны сөзсіз. Оны хайпшыл Садырбаев мырза өте жақсы түсінеді.
Былтыр шошқа шаруашылығына бөлінетін субсидия жайлы арзанқол хайпты “Адал партиясының” саяси кеңесінің мүшесі танымал журналист Мақсат Толықбай бастағаны ел есінде. Оның манипуляция жасағанын тәуелсіз БАҚ-тың дәлелдеп, журналисттің масқара болғаны да ел есінде (https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/shoshka-dauy-subsidiya-kalaj-bolinip-zhatyr/). Сол кезде ауыл шаруашылығынан хабары бар А.Садырбаев М.Толықбайдың асыра сілтегенін айтып, ауыл шаруашылығына бөлінетін бүкіл субсидияның 98 пайызы қой, сиыр, жылқы шаруашылығына, ал қалған 1,98 пайызы шошқа шаруашылығына бөлінетінін айтқан еді.
Қазір жаңа Жер комиссиясы қалыптасатын кезде осы бір негізсіз хайпты “адалдық” М.Толықбайдың орнына басқа “адалдық” А.Садырбаевтың өзі қоздырып жүр. Тіпті былтыр қарашада Инстаграмда ұлтаралық араздықты қоздыратын “Шошқа жеген...” деген байқау ұйымдастырып, өз қалтасынан 100 000 теңге тіккен. [Осы бір заңбұзушылықтың құқық қорғау қызмкеткерлерінің назарынан тыс қалғаны қызық] Жүз мың теңгесі хайпқа еріп, артынша Qazyna study-дың тыңдаушысына айналатын аңқау елден миллиондап қайтатынын, хайп жасаудан еш ұтылмасын манипуляция шебері А.Садырбаев өте жақсы біледі.