ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

СІЗ КІМСІЗ, САДЫРБАЕВ МЫРЗА? (2-бөлім)

Талдықорғандық “Кличко”

Алмасбек Садырбаев қазір бизнес мәселелерін Фейсбук пен Инстаграмда хайп жасап шешуге тырысады. Оған дейін ол Талдықорған әкімінің кеңесшісі, ауыл шаруашылығына бөлінетін субсиядияны игеруші бизнесмен болып жүрген кезде жеке бизнесінің мәселелерін жұдырық арқылы шешумен әуестенгенін көпшілік біле бермейді. Оны сол қасиеті үшін талдықорғандық “Кличко” деп атауға да болады.

2017 жылы Талдықорған қаласы әкімінің міндетін атқарушы А.Тұтыбаевтың кабинетінде Садырбаев мемлекеттік қызметкерге жұдырық жұмсап, артынша істі болған. Арызданушының сөзінше, Садырбаев мырза пысықтық танытып, мемлекеттік субсидияны арнайы рәсімді айналып өтіп, тездетіп алмақшы болған. Ал оған қарсы болған А.Тұтыбаевқа қол көтерген. Сот алдымен А.Садырбаевты Қылмыстық кодекстің 380 бабының 1 тармағы бойынша бір жылға бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарып, кейін оған пробациялық жазаға кескен. (https://tengrinews.kz/crime/osujdennogo-draku-chinovnikom-biznesmena-osvobodili-zale-329372/)

Садырбаевтың жұдырығынан зәбір көрген азаматтардың тізімі шенеунік А.Тұтыбаевпен шектелмейді. Время газетінің жазуынша, 2014 жылы А.Садырбаев 75 жастағы кейуана Марфуға Мұхаметқалиеваға жұдырығын жұмсап, әкімшілік жазаға тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (9260 теңге) айып төлеген. Сосын Орынбасар Қалиеваға Ақсу аудандық салық басқармасының ғимаратында тіл тигізіп, 19820 теңге айыппұл төлеген.

Ал 2016 жылы Талдықорған қаласының бас архитекторы Аслан Нұрмұхамдовпен, содан кейін сол кездегі Талдықорғанның автомобиль жолдары басқармасының басшысына жұдырығын ала жүгірген. Бірақ сол кезде оның сотқарлығы жайлы айтылмай, ол жауапкершіліктен оңай құтылып кеткен. Мүмкін ол кезде оның қала әкімінің кеңесшісі деген қызметі оған қалқан болған шығар? (https://time.kz/articles/strana/2017/08/11/v-hod-idut-odni-kulaki)

Жалғасы соңғы 3-бөлімде.