Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

СІЗ КІМСІЗ, САДЫРБАЕВ МЫРЗА? (1-бөлім)

Ескерту: мақаладағы мәліметтердің бәрі ашық дереккөздерден алынды.

Соңғы кездері өзін “ауыл шаруашылығы бойынша сарапшы” деп атап жүрген Алмасбек Садырбаевтың аты бұқаралық ақпарат құралдарында жиі шығып жүр. Фейсбук пен Инстаграмдағы жұртшылық оны “Адал” партиясының саясаткері, табысты бизнесмен, талантты фермер (А.Садырбаевтың өз сөзімен айтсақ, “блатной қойшы”), патриот-ағартушы, тәжірибелі бизнес-тренер және шындық үшін күресуші блогер ретінде біледі.

Сондай-ақ, Садырбаев мырза әлеуметтік желіде лайк пен хайптың күшін жақсы біледі. Сол арқылы өзін қазақтың қасиетті жері үшін күресіп жүрген жалғыз қарапайым шаруа деп танытып, “Адал” партиясының атынан Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жаңадан құрылып жатқан Жер комиссиясының құрамына кіруге талпынып жүр. Ендеше үш бөлімнен тұратын осы мақалада А.Садырбаевтың кім екенін бірге анықтап көрейік.

Партия ауыстырғыш бизнесмен-саясаткер

Соңғы он жылда Алмасбек Садырбаев бір емес, екі емес, кем дегенде үш рет маскасын партиялық билетін ауыстырып үлгерген бизнесмен-саясаткер. Жай ғана партия мүшесі емес, партбилетін жеке бизнесін қорғау үшін қолдануға тырысатын әккі саясаткер. Бұл сөзімізге мысалдар жеткілікті. Мәселенки, 2011 жылы А.Садырбаев Нұр Отанның мүшесі болып жүріп, елбасының атына хат жазып, сол кездегі Алматы облысындағы Ақсу ауданының әкімін жемқор деп айыптап, оған қысым көрсетуге тырысқан (https://rus.azattyq.org/a/kyzylagash_village_corruption/24284606.html).

Хатында Садырбаев мырза аудан әкімі Қызылағашта тұрмайтын үш кәсіпкерге заңсыз жайылым жер берді деп айыптаған. Бұл жерде бір қызық мәлімет бар. Садырбаев мырзаның өзі Қызылағашта тұрмайды, 2011 жылы да Қызылағашта тұрмаған. Онда ол неге қызыл кеңірдек болып жүр? Бұл сұрақтың жауабы өте қарапайым. Сол уақытта Садырбаевтың Қызылағашта “Көктем” деген шаруа қожалығы болған. Яғни “әр қазақ бай болсын!” деп жүрген “блатной қойшы” Алмасбек Садырбаевтың өзі Қызылағаштағы жайылым жерден дәмелі болғандықтан Нұр Отанның төрағасы Н.Назарбаевтың атына аудан әкімін айыптайтын хат жазып, қысым көрсетпек болған.

Бизнесмен-саясаткер Алмасбек Садырбаев Нұр Отаннан кейін “Ауыл” партиясының мүшесі болып үлгерді. Ол жай мүше емес, “Ауыл” партиясының саяси кеңесінің мүшесі болды. Бірақ “Ауылдың” қатарында “блатной қойшының” қазақ шаруасының жоғын жоқтағанын құлағымыз естіді, көзіміз көрді деп айта алмаймыз.

Ең қызық жайт жақында өткен парламенттік сайлау қарсаңында болды. Алдымен Алмасбек Садырбаевтың аты “Ауыл” партиясының атынан депутаттықтан үміткерлер тізімінде жүрді. Артынша “ауылдық” блатной қойшы “Адал” партиясы саяси кеңесінің мүшесі, депутаттықтан дәмелі қандидат болып шыға келді. Қазақстанның тарихында А.Садырбаевтай саяси ориентациясы тұрақсыз бизнесмен-саясаткерді таба алмаспыз, сірә!

“Қарапайым қойшы” артында ірі бизнес пен латифундистер тұрған “Адалдың” атынан қазақтың жерін қалай қорғамақшы? Мүмкін қолында 1,6 мың гектар жері бар блатной қойшы өзінің мүдделес бизнесмен-саясаткер достарын “Адалдың” қатарынан тапқан шығар? Ал 2016 жылғы жер дауы кезінде Макс Боқаев, Талғат Аян, Мұхтар Тайжан, Жәнібек Қожық секілді ұлтжанды азаматтар жер халық пен қарапайым шаруаныңкі деп шырылдағанда қазір “қазақ үшін, жер үшін деп” деп хайп қуып жүрген А.Садырбаев қайда болды? Ол жағы бізге беймәлім. (Жалғасы келесі бөлімдерде)

0
0
386

Осы тақырып бойынша

СІЗ КІМСІЗ, САДЫРБАЕВ МЫРЗА? (1-бөлім) - Yvision.kz