Ханафи мәзҺабының ерекшелігі мен артықшылығы
Осыдан кейін Ханафи мәзҺабының басты ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы сөз қозғай аламыз. Олар мыналар: - Ханафи мәзҺабы сүннетті жоққа шығармайды, оны да дәлел ретінде қабылдайды. Бірақ, хадистың бастау алар қайнар көзі болып есептелетін Хижаз өңірінен ұзақта қалғандығы үшін, әрі сол кездері хадисті ойдан шығарушылардың көбейгендігіне байланысты хадиске өте ұқыпты қараған. - Ханафи фиқһ кітаптарының тек Әбу Ханифа емес, сонымен бірге шәкірттерінің-мужтаһид ғалымдардың берген үкімдерінен де құралғанын атап көрсеткеніміз жөн. Мысалы, пайдасы Аллаһ жолында жұмасалатын жылжымайтын мүлікті егесінің қайтарып ала алмауы жайындағы үкім Әбу Ханифаның емес, оның шәкірттері Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің пікірі болып табылыды. Ал Әбу Ханифа кейбір шарттар орындалмаса қайтадан алуға болады…