Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Этносаралық ахуал»

"Этносаралық ахуал"

Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің  "аудандағы этносаралық қарым-қатынас саласындағы өзекті мәселелерге зерттеулер жүргізу, ұсыныстар дайындау және этносаралық қатынастарды нығайтудың механизмдерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру" атты  мемлекеттік тапсырысы  аясында Сайрам ауданы тұрғындары арасында "Өңірдегі этносаралық қатынастарды анықтау" мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Оған дәлел тұрғындардың 69,3 пайызы қанағаттанарлықтай дәрежеде өмір сүрудеміз, қажеттіміздің бәрі бар деп көрсеткені болып отыр. Молшылықта өмір сүреміз, ештеңеден таршылық көрмейміз деушілер де 19,7 пайызды көрсеткен.

Зерттеу барысында өңір тұрғындары қойылған сауалдарға өзге этнос өкілі ретінде емес қазақ ұлты секілді жауап берді. Этносаралық мәселе деп арнайы зерттеу жүргізудің жөні жоқ деген пікірлер де басым болды.

Осыған сәйкес аудандағы этносаралық ахуал 63,8 пайызға тұрақты деп танылса, 24,4 пайызға қалыптылық көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз аудандағы этносаралық жағдайды реттеу жұмыстарының  өз деңгейінде жүргізілгендігін көрсетеді. Аудандағы өзге этнос өкілдері өзара қауымдасып, яғни әр ұлт бір ауылға немесе көшеге шоғырланып орналасқандықтан, елді мекендер мен ауылдық округтерде жанжал тудыратындай немесе, кері көзқарастар орнататаын фактілер жоқ десе де болады.

Қорытындысында Сайрам ауданында этносаралық ахуал тұрақты деп танылды. Аудан көлеміндегі этносаралық тәрбие, бірлік ұғымын насихаттау жұмыстары  тиісті деңгейде жүргізіліп жатқандығының нәтижесі анық көрінді.

"ЛИКБЕЗ" Қоғамдық бірлестігі

Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша

0
0
5665

Осы тақырып бойынша

«Этносаралық ахуал» - Yvision.kz