Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ОҚО Ордабасы ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша кездесулер өткізілді

ОҚО Ордабасы ауданда  2014 жылы  желтоксан  айында аудандық  әкімшіліктің  ішкі саясат  бөлімінің  тапсырысы бойынша    барлық  ауыл округтерінде «Менің таңдауым – Әбу Ханифа мәзһабы» және «Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу» тақырыптарында  кездесулер  өткізілді. Кездесулерді облыстың дін істері басқармасының әлеуметтік бастамалар орталығының бас маманы дінтанушы  Айтаев  Икрам өткізді. Осы мекемеде талдау-сараптаудан өткен фильмдер көрсетілді. Кездесулер өтетін орындарда мәтіні Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімімен келісілген тақырыптық билбордтар ілінді, тақырыптарға сай  DVD дискілер таратылды.

Барлық  кездесулерде  ауыл тұрғындары мектеп мұғалімдері мен оқушылары    қатысты. Мамандар көптеген тыңдармандар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар өте қажетті мәліметтерді алғанына ризашылығын білдірді.

Кездесуді ұйымдастырған: Шамшиев М. ЖК

8 775 681 33 33

0
0
512

Осы тақырып бойынша

ОҚО Ордабасы ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша кездесулер өткізілді - Yvision.kz