Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлық»

Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің  "Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру" атты  мемлекеттік тапсырысы  аясында Сайрам ауданы тұрғындары арасында "Аймақтағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне тұрғындардың көзқарастарын анықтау" мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі қазіргі таңдағы өзінің өзектілігін төмендетті деуге болады. Ол сыбайлас жемқорлықтың төмендеуінен немесе азаюынан емес адамдардың сыбайластыққа бейімделуінен орын алып отыр. Осы тұрғыда Сайрам ауданы бойынша тұрғындардың көзқарасы мен психологиясын анықтауда әлеуметтік зерттеудің жан-жақты әдістері арқылы жұргізілді.

Ауданның ұлттық ерекшелігіне байланысты аталған тақырыпқа негізінен өзге ұлт өкілдері тартылды. Соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікірлер де жалпыламай, жабық күйінде зерттелді.

Сондықтан да аудан көлемінде сыбайлас жемқорлық фактілері мен оның деңгейі нақты анықталды деп айта алмаймыз. Көптеген тұрғындар сыбайластық фактілері жайлы ашып айтқанымен аудан көлемінде емес облыс орталығына барғанда жолығатындарын көрсетті.

Жалпы сыбайлас жемқорлық ұғымын тұрғындардың 34 пайызы "қоғамдағы ең қауіпті дерт" деп таныған. Лауазым иелерінің парақорлығы мен қызмет бабын жеке басының пайдасына қолдану да сыбайластықтың басты белгілері деушілер де бар. Қоғамдағы ең қауіпті дерт деп танығанмен қазіргі таңда әрбір қоғамның мүшесі осы дертке шалдыққанын ашық мойындаушылар да бар.

Қорыта келе, аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлық оқиғаларында айтарлықтай ерекшеліктер мен алаңдаушылық тудыратын жағдайлардың жоқтығы анықталды. Дегенмен, сыбайлас жемқорлықты жоюға болатынын, оған бүкіл қоғам болып қарсы тұру керектігін тұрғындар арасында кеңінен насихаттау ұсынылды.

Сонымен қатар сыбайластыққа барудың бірінші жолы құқықтық сауатсыздық болғандықтан аудан тұрғындарының осы саладағы құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын көптеп жүргізу қажеттілігі де ескерілді.

ЛИКБЕЗ" Қоғамдық бірлестігі

Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша

 
0
0
824

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлық» - Yvision.kz