Аруақтарды алаламайық
Маңызды бір мәселе тұрғысында Сіздермен пікір алыссам деймін. Тәуеліздікке қол жеткелі бері қазақ халқының бұрындар айтыла бермейтін талай-талай Ұлы Тұлғалары ортамызға қайта оралды. Атын атасаң атылып кетер ата-бабаларымызбен табыстық. Қариялардың аузынан,жыр-дастандардан ғана құлағымызға сіңісті болған хандарымызды , билерімізді,батырларымызды аңыздан аршып,нақтылы тарихи тұлғасымен жастарға тапсыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар болашақ ұрпақты қазақы патриоттық рухта тәрбиелеу үшін, ата-бабаларының басына барып, өткенімізге құрмет көрсетуі үшін,аруақ сыйлаған салт-дәстүрімізді сақтап,немере-шөберелерімізге жеткізу үшін ұлт болып асар салып, мұражайлар ашылды,кесенелер тұрғызылды. Бұл шараларға бойында қазақ қаны бар Алаш баласы түгел атсалысты. «Ойбой,бұл дұрыс еме…