Мазмұнға өту
Murat_Nasimov

МҰРАТ НАСИМОВ

@Murat_Nasimov

Сайтта 2011 ж. 20 шілдеКазахстан, Кызылорда

ПРОСТОЙ ЧЕЛОВЕК

рейтинг

100

жазбалар

119

пікірлер

44

тіркелуші

14

жазылымдар

9

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АҚШ

ҚАЗАҚСТАНАҚШ

1994 жылдың 13 мен 19 ақпан аралығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары басталды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан және АҚШ Президенттері Демократиялық серіктестік хартиясына қол қойды. Жалпы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың тарихы 1991 жылдың 25 желтоқсанындағы АҚШ-тың ҚР мемлекеттік егемендігін мойындаудан басталады. Нәтижесінде 1992 жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың еліміздегі елшілігі ашылса, сол жылдың 30 қазанындаеліміздің АҚШ-тағы елшілігі жұмыс жасай бастады. Осы іссапар кезінде Елбасы 16 ақпан күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесуі өтті. Бұл кездесу барысында Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясына постконфронтациялық кезең бойынша арнайы сессиясын шақыруға ұсыныс жасады.

1
0
1104

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ МАГАТЭ 1994 жылдың 14 ақпанында еліміз Атом энергиясы бойынша Халықаралық Агенттікке (МАГАТЭ) кірді. Бұл агенттік БҰҰ-ның 1954 жылдың 4 желтоқсанындағы шешіміне сәйкес құрылды. Өз қызметінің туралы баяндаманы жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясы мен қажеттілігіне қарай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынады. МАГАТЭ Жарғысы 1956 жылдың 26 қазанындағы Нью-Йорктегі құрылтайшылық конференцияда бекітіліп, заңдық күшін 1957 жылдың 29 шілдесінде иеленді. Агенттіктің негізгі қызметтері мыналар: атом энергиясын бейбіт жолда қолдану зерттеулерін марапаттап отыру; ғылыми жетістіктер және әдістермен алмасуды қолдау; азаматтық ядролық бағдарламалардың әскери мақсаттарда қолданбау кепілдігі жүйесін қалыптастыру және қолдану; денсаулық сақтау мен қауіпсіздік саласындағы нормаларды бекіту және дайындау…

1
0
480

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТЕҢГЕ 1993 жылдың негізгі жаңалығы – 15 қарашадан бастап ұлттық валютамыз теңгенің енуі еді. КСРО-ның 500 сомына тең 1 теңге алғашында Ұлыбританияда басылып шықса, алғашқы тиындар Германиядан шығарылды. Алғашқы теңгеде қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері тұрды. Мәселен, 1 теңгеде философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика және музыка зерттеушісі, әлемнің екінші ұстазы - Әбу Насыр әл-Фараби (870-950); 3 теңгеде қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі – Сүйінбай Аронұлы (1815-1898); 5 теңгеде қазақтың ұлы күйші-композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896); 10 теңгеде қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов (1835-1865); 2…

1
0
1203

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ

 

АТА ЗАҢ

 

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі 1993 жылдың 28 қаңтарында егемен Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясын қабылдады. Ал осыдан екі жыл кейін 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңы қолданысқа енді. Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениеттік дамуды таңдаған мемлекет пен қоғамның ең негізгі, жоғарғы нормативтік құжаты. Ол негізгі заң болғандықтан, бүкіл заңнаманың қайнар көзі болып табылады. 1993 жылғы Конституция бірінші рет халықтың таптық сипатынан бас тартады.

1
0
1040

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АӨСШК ИДЕЯСЫ

 

АӨСШК

1992 жылдың 28 қазанында Елбасы Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесін (АӨСШК) шақыру идеясын жариялады. Бұл ұйым Азия құрлығындағы мемлекеттердің өзара байланысы мен ынтымақтастығын нығайтуды мақсат етіп қойып, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды міндеттенеді. Мүшелігінде 20 мемлекет, 9 бақылаушы елдер мен 4 бақылаушы халықаралық ұйымдармен байланыс жасайтын кеңестің бірінші саммиті 2002 жылдың 4 маусымында Алматы қаласында өткен болатын.

1
0
563

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚМЭБИ

КИМЭП

1992 жылдың 2 қазанында ТМД-дағы жаңа типтегі алғашқы жоғарғы оқу орны Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) студенттерге сабағын жүргізе бастады. Әр түрлі мәдениет пен ұлт студенттерін оқытатын тәуелсіз, коммерциялық емес білім беру мекемесі 1992 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қаулысымен құрылған болатын. Ал 1994 жылдың маусымында Іскер Әкімшілдік магистратурасы бағдарламасы студенттерінің алғашқы бітіру рәсімі болды.

1
0
440

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН

1992 жылдың 18 қыркүйегінде «Қазақстан» мемлекеттік теле-радио тарату компаниясының негізі қаланды. Бүгінгі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, Қазақ радиосын және аймақтық телерадио-компанияларды біріктіретін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдары арасында ерекше орын алады. Бұл мекеме өзінің қалыптасуында бай тарихқа ие және Қазақстан журналистикасының үздік дәстүрін мұра етіп келеді. Мұның бастауында 1922 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған республикалық бірінші телеарна тұр. Тұрғындарды қамту жағынан алдыңғы орынды иемденетін телеарнаның мемлекеттің ақпараттық саясатын жүзеге асырудағы орны зор.

1
0
524

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТЮРКСОЙ

ТЮРКСОЙ

1992 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Түркі мәдениетін және өнерін дамыту мәселелері жөніндегі бірлескен Комитетіне (ТЮРКСОИ - TÜRKSOY (түрікше: Türk Kültür ve Sanatları Ortak Yönetimi, ТҮРКСОЙ)) енді. Бұл ұйымның негізгі мақсаты түркі халықтарының материалды және мәдени ескерткіштерін болашақ ұрпаққа қалдыру және сақтау болып табылады. Штаб-пәтері Анкара қаласында орналасқан. Бүгінде бұл ұйым ЮНЕСКО-мен ресми байланыс орнатқан.

1
0
411

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

ТУӘНҰРАНЕЛТАҢБА

 

1992 жылдың 4 маусымында мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы" Зңадарға қол қойды. Осы күннен бастап Қазақстан әлемге бүгінгі күндегі мемлекеттік нышандарымен таныла бастады.

1
0
1099

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

1992: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ РЕСЕЙ

 

ельцин

1992 жылдың 25 мамырында Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында екі Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Б.Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт және Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды. Ғылыми-техникалық прогрестің белгісі, алғашқы жер серігі ұшқан, адамзат тарихында тұңғыш адамның ғарышқа аттануы, ғарыш саяхатшысының тұңғыш сапары өткен Байқоңыр ғарыш айлағының Сыр елі үшін орны ерекше.

1
0
619