Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АҚШ


1994 жылдың 13 мен 19 ақпан аралығында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары басталды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан және АҚШ Президенттері Демократиялық серіктестік хартиясына қол қойды. Жалпы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың тарихы 1991 жылдың 25 желтоқсанындағы АҚШ-тың ҚР мемлекеттік егемендігін мойындаудан басталады. Нәтижесінде 1992 жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың еліміздегі елшілігі ашылса, сол жылдың 30 қазанында еліміздің АҚШ-тағы елшілігі жұмыс жасай бастады. Осы іссапар кезінде Елбасы 16 ақпан күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесуі өтті. Бұл кездесу барысында Н.Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясына постконфронтациялық кезең бойынша арнайы сессиясын шақыруға ұсыныс жасады.
