Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ МАГАТЭ

МАГАТЭ

1994 жылдың 14 ақпанында еліміз Атом энергиясы бойынша Халықаралық Агенттікке (МАГАТЭ) кірді. Бұл агенттік БҰҰ-ның 1954 жылдың 4 желтоқсанындағы шешіміне сәйкес құрылды. Өз қызметінің туралы баяндаманы жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясы мен қажеттілігіне қарай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынады. МАГАТЭ Жарғысы 1956 жылдың 26 қазанындағы Нью-Йорктегі құрылтайшылық конференцияда бекітіліп, заңдық күшін 1957 жылдың 29 шілдесінде иеленді. Агенттіктің негізгі қызметтері мыналар: атом энергиясын бейбіт жолда қолдану зерттеулерін марапаттап отыру; ғылыми жетістіктер және әдістермен алмасуды қолдау; азаматтық ядролық бағдарламалардың әскери мақсаттарда қолданбау кепілдігі жүйесін қалыптастыру және қолдану; денсаулық сақтау мен қауіпсіздік саласындағы нормаларды бекіту және дайындау т.б. МАГАТЭ тарихындағы оның Бас директорлары:

Стерлинг Коул, АҚШ (7 қазан 1957 ж. - 6 қазан 1961 ж.);

Сигвард Эклунд, Швеция (6 қазан 1961 ж. - 30 қараша 1981 ж.);

Ханс Бликс, Швеция (1 желтоқсан 1981 ж. - 30 қараша 1997 ж.);

Мохаммед аль-Барадеи, Египет (1 желтоқсан 1997 ж. - 30 қараша 2009 ж.);

Юкио Амано, Жапония (2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап).

Осы күні Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылып, шілдеде Алматы қаласында Қазақстан мен МАГАТЭ арасында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа байланысты кепілдіктер беруді қолдану туралы келісімге қол қойылды.

1
0
481

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес - Yvision.kz