Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЮНЕСКО 1992 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы ЮНЕСКО-ға (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization - UNESCO) мүше болып қабылданды. Ұйым 1945 жылдың 16 қарашасында құрылып, штаб-пәтері Париж қаласында орналасты. Бүгінде ұйымның 193 мемлекет-мүшесі және 7 әріптес-мүшесі бар. 182 мүше мемлекеттердің Париж қаласында орналасқан тұрақты өкілдіктері бар екендігін айта кеткен жөн. Ұйым құрамында әлемнің әр түкпірінде орналасқан 60 бюро мен бөлімшелері тұрақты жұмыс істейді. Ұйым қызметі айналысатын негізгі мәселелер мыналар: білім беру мен сауатсыздық саласындағы дискриминация мәселелері; ұлттық мәдениетті зерттеу мен ұлттық кадрларды даярлау; әлеуметтік ғылымдар, геология, океаногр…