Мазмұнға өту
Mki_gov

МК РК

@Mki_gov

Сайтта 2013 ж. 2 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

241

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

М. Құл-Мұхаммед Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрімен кездесті

2013 жылғы 20 қыркүйек күні Қырғызстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде М.А. Құл-Мұхаммед Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтан Раевпен кездесті.

Кездесу барысында М. Құл-Мұхаммед екі бауырлас ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады. С. Раев Қырғыз Республикасының мәдениет күндерін ұйымдастыру жөнінде қолдау үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде, М. Құл-Мұхаммед екі ел арасындағы бауырлық серіктіктестіктің одан әрі дамуына сенім білдірді.

   

0
0
501

М. Құл-Мұхаммед Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

2013 жылғы 19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммед Жапониянының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юдзо Харада мырзамен кездесті.

Толық ақпарат: http://mki.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti_ministerstva/?cid=0&rid=1855

0
0
398

Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурсты дайындау және өткізу қағидасы

1. Жалпы ережелер Республикалық Бақытжан Байқадамов атындағы конкурс (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 15-ші желтоқсанындағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 12-тармағына сәйкес ұйымдастырылады. Конкурс 2013 жылғы 21-23 қазанда Алматы қаласында өтеді. Конкурстың қорытындысы бойынша шағын дискіге (СД) жазылған бейнематериал шығарылады. 2. Мақсаттары мен міндеттері Конкурстың мақсаттары мен міндеттері болып мыналар табылады: 1) Қазақстанда хор музыкасын насихаттау; 2) хор ұжымдарының кәсіби шеберлігін арттыру; 3) жастарды эстетикалық және патриоттық рухта тәрбиелеу; 4) мемлекеттің мәдениет саласындағы саясатын жүзеге асыру. 3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары Конкурсқа республикамыздың хор ұжымдары мынадай екі түрлі категорияда қатыса алады: - кәсіби хор ұж…

0
0
898

М.А. Құл-Мұхаммед Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғорбан Сейфимен кездесті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммед Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғорбан Сейфимен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасында орнатылған достық сипат алатын мәдениет және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың өзара қарым-қатынасын жоғары бағалады. Иран тарапы екі ел арасында өзара Мәдениет күндерін өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Өз кезегінде М.А. Құл-Мұхаммед мұрағат ісі саласында ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Қорытынды бойынша тараптар бұдан әрі мәдениет, ақпарат және мұрағат ісі саласында ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.

0
0
348

М. Құл-Мұхаммед Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухенмен кездесті

2013 жылғы 23 шілде күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммедтің Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухенмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында М.А. Құл-Мұхаммед екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қырқынды дамуын жоғары бағалады. Осылайша, 2012 жылы Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жылдық мерекесінің шеңберінде Кореяда Қазақстанның, ал Қазақстанда Кореяның Мәдениет күндері атап өтілді.

Сонымен қатар, 2013 жылдың тамыз айында «I MAESTRI» корей ерлерінің хор концертін өткізу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға келісті.

0
0
381

Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

27 маусымда Румынияның Премьер-Министрі Виктор Понтаның Қазақстан Республикасына ресми сапарының шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Румынияның мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Аталған Келісім мұражай және кітапхана ісі, музыка, мәдени мұра салаларында әріптестік қатынастарды дамытуды көздеп отыр.

Келісімнің 8-бабына сәйкес Тараптар мәдени кұндылықтардың заңсыз тасымалына бірлесіп қарсы күресуге уағдаласты.

Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы румын Тарапының жазбаша хабарламасын қазақстандық Тарап алған күннен бастап күшіне енеді.

http://mki.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti_ministerstva/?cid=0&rid=1674

0
0
459