Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқасы туралы

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың, Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігі, Үкімет өкілдерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед өз сөзінде министрліктің  2013 жылғы жұмысын қорытындылап, Мемлекет басшысының  «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыруда сала алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

Министрліктің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі  қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының  ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу болып табылады.

М.Құл-Мұхаммед мәдениеттің барлық саласы, шығармашылық қауымдастық бұл деректі Елбасы ұсынған отандық мәдениет пен өнердің жаңа белестерге жетуінің, қазақстандық қоғамның бірегей шығармашылық әлеуетін жүзеге асырудың ерекше мүмкіндігі деп қабылдап отыр. Тұжырымдаманың басты идеялық іргетасы Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында айтқан Мәңгілік Ел идеясы болуы тиіс екенін айтып өтті.

Саланың жай-күйі туралы айта келе, министр 20 жыл ішінде елде 2 мыңнан аса мәдениет нысандары ашылғанын атап өтті. Соңғы он жыл ішінде театрларға келушілер саны 50%-ға, мұражайларға келушілер саны 25%-ға, кітапханаларға келушілер саны 40%-ға, концерттік ұйымдарға келушілер саны 100%-ға, кинотеатрларға келушілер саны 400%-ға артты.

Мәдениет саласының проблемаларын шешудің басты жолдары 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыртудың тұжырымдамасы мен Жоспарының жобасына бөлек тарау болып енді. Мәдениет ұйымдарының типтік штаттары, Мәдениет ұйымдарын дифференциялық субсидиялаудың жаңа ережелері бекітілді, 300 орынға арналған ауылдық Мәдениет үйінің типтік жобасы әзірленді, мәдениет және мұрағаттық іс қызметкерлерінің азаматтық қызметкерлер ретіндегі еңбекақысын төлеудің жаңа моделі әдіснамалық тұрғыда әзірленді.

Министр Мемлекет басшысының 2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыру туралы тапсырмасы мәдениет және мұрағат ісі саласына толықтай қатысы бар екенін ерекше атап өтті.

Жаңа «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театры, Қазақ ұлттық мұражайы құрылды, бірінші Ұлттық көркемөнер галереясы құрылуда; «Казспорт», «Мәдениет және білім» жаңа телеарналары ашылды.

Саланың басты жетістіктерін атап өткен министр саланың келешектегі міндеттері басымдықтарының негізі Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында және биылғы Жолдауда берген тапсырмаларын толық сапалы өз уақытында орындау екенін атап өтті.

Әрі қарай алқа отырысында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, «Білім және Мәдениет» телеарнасының директоры Бахыт Қайырбеков, з.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҚҚ сарапшысы Еңлік Нұрғалиева, Алматы облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Рахмет Есдәулетов сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова алқа отырысын қорытындылап, министрлікке бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

 
0
0
507

Осы тақырып бойынша

Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқасы туралы - Yvision.kz