Көшпелі қазақтың ырым-тыйымдары және оның тәрбиелік мәні
Көшпелі өмір салты қазақ халқының дәстүрлі өмір салты десек те дұрыс болар. Шаруашылықтың, күнкөрістің қамымен төрт түлік малдың ыңғайына қарай қыста қыстауда, жазда жайлауда күнелткен қазақ халқының бүтін мәдениеті сол көшпелілікпен астасып, біте-қайнасып жатыр. Мысал үшін киіз үйдің өзі көшпелі өмірге тән баспана түрі. Қаншама ғасырлар ширегінде едімізде ағаш, кірпіш үй деген кең таралмады. Шаңырақ, уық, керегені қасиетті деп санап, киізін, басқа да бөліктерін түйеге артып, көшіп-қонып жүрген бабаларымыз киіз үйді аса қадір тұтқан. Көшпелілердің атқа міну дәстүрі де айтарлық ауқымды дүние. Оның ер-тұрманы мен әбзелдерінің өзі қолөнердің биік деңгейде болғанын көрсетеді. Зергерлік өнер мен киім пішу дәстүрінің көркемдігі де соны дәлелдей түседі емес пе? Ауыз әдебиеті терең тәрбие мен ізг…