Мазмұнға өту
Maigul

Майгүл СҰЛТАН

@Maigul

Сайтта 2013 ж. 5 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

40

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

3

Ерлан Ибрагимов: Виза мерзімінің 6 айға ұзаруына біз де тілектеспіз

Үрімжі. 19 қыркүйек. Baq.kz.Жақынғы жылдардан бері Қытайдан түрлі сапармен келетін қандастарымызды виза мәселесі толғандырып жүргенін еліміздегі басқа да ақпарат құралдары жазды. Атажұртқа келушілердің аяқ алысы жиілеген сайын сауалдардың да саны арта түсті. Осыған орай ҚР СІМ Үрімші қаласындағы төлқұжат-визалық қызметінің басшысы бірінші хатшысы Ерлан Ибрагимовпен сұхбаттасқан едік. – Ерлан Жеңісұлы, Атамекндеріне бір жолата көшіп және туысшылап, оқумен т.б. сапармен келушілер бар. Оларға берілетін визаның түрлері де ұқсамайтын болар? – Иә, Қазақстанға баратын қандастарымыз үшін бір қатар виза түрлері қарастырылған. Олар, тұрақты тұру визасы, жеке сапар визасы, оқу үйрену визасы, іс-сапар визасы және саяхат визасы. Біздің тарапымыздан берілетін виза үш айлық және үш мәртелік болғандықтан…

0
0
599

Қытайдағы 10 жасар қиссашы

ҚЫТАЙ. 18 қыркүйек. Baq.kz - Қытайдың «Қос тілді оқыту» саясаты ондағы рухы биік қандастарымыздың еңсесін баса қоймайтынына тағы бір рет көзіміз жетті. «Өрге салса шын жүйрік, шынымен, өршеленеді» екен. Ондағы жеткіншектеріміз қазақ балаларының қағілез, алғыр болатынын қытайларға мойындатып қана қоймай өз ұлтының асыл мұраларын жалғаушы және оны әлемге танытатын ұлт болашағы екенін де әйгілеп отыр. Тілімізге тиек болғалы отырған ұлымыз Қытайдың Санжы дүнген автономиялы облысы Ашылы ауылдық мектебінің 4-ші сынып оқушысы, қиссашы бала Қуаныш Елеуұлы. Қуаныштың «Қуаныш» аталуының өзі үлкен оқиғаға толы екенін кеш ұқтым, – дейді жас жыршының ұстазы, Ашылы ауылдық мектебі директорының орынбасары Қанатхан Әбілғалиұлы, – Қытайдың «Жоспарлы туу» саясатына томпақ келген шәкіртім ата-анасының артық…

0
0
865

Думан Жақыпұлы: Үрімжі мектептері қос тілді балабақшаға зәру

ҮРІМЖІ. 18 қыркүйек. BAQ.KZ - Үрімжі қаласындағы қандастарымыздың қытай-қазақ тілінде бірдей бала тәрбиелейтін балабақшаға зәру екенін ең алғаш «Сен-Қазақ» (www.senkazakh.com) сайтынан байқаған едік. Кейіннен осы сайттың жауаптысы, қос тілді балабақша ашу жолында көп жұмыстар жасап жүрген азаматтардың бірі Ақытбек Шеризатұлымен де осы мәселе төңірегінде сөз болған-ды. Сол әңгімемізді бүгін «Шыңжаң қоғамдық ғылымдары» журналы бас редакторы, балабақша ашу бастамасының тағы бір қолдаушысы Думан Жақыпұлымен болған сұхбатымызда толықтай түспекпіз. – Үрімжі қазақтарының қос тілді балабақшаға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатымен қатысты орындарға тұрғындар талабын жеткізуді ең алғаш кім, қашан қолға алды? – Мыңға жуық қазақ қоныстанған Шыңжаң орталығы Үрімжі қаласынан қос тілді балабақша аш…

0
0
697

Қытайдың «Халық» порталындағы қазақтың қос азаматы

Бейжің. 18 қыркүйек. Baq.kz – Әңгімеміз Қытайдың алып порталы «Халық» торабында жұмыс жасайтын қазақтың қос азаматы төңірегінде болмақ. Аталмыш портал әлемдегі он үлкен газеттің бірі «Халық» басылымының сайттағы нұсқасы ретінде 1997 жылдың 1 қаңтарында ашылған. Қытайдағы аз санды 7 ұлттың тілінде және 8 шет тілінде ақпарат тарататын порталдың қазақ редакциясында Нұрғиса Құрманжанұлы және Асқар Жаңабекұлы есімді қандастарымыз отыр. – «Халық» торабының қазақша редакциясында қашаннан бері жұмыс жасап келе жатырсыздар?Нұрғиса: «Халық» торабынан қазақша ақпарат таратуды ең алғаш қазақ жазушысы, Мемлекеттік саяси кеңестің мүшесі, сіздерше депутат Әкбар Мәжитұлы мемлекеттік кеңесте «Халық» торабының қазақша нұсқасын ашуға ұсыныс жасаған. Содан 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап бұл ұсыныс іске асты…

0
0
529

Шаханов шығармасы тұңғыш рет қытай тілінде жарық көрмек

Үрімжі.17 қыркүйек. BAQ.kz - Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» немесе «Ғасыр айырығындағы сырласу» деп аталатын кітабы жуырда қытай тіліне аударылып жатқанын Қытайдағы «Тәңіртау» ақпараттық порталы хабарлады. ҚР Халық ақыны М.Шахановтың кітаптары Қытайда толықтай басылып қана қоймай, кейбірі алты-жеті реттен жарық көрген. Соның ішіндегі Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары» немесе «Ғасыр айырығындағы сырласу» кітабы Қытайдағы баспалар тарапынан ұйғыр және қырғыз тілдеріне де оқырманға жол тартқан. Аталмыш кітап Қытайдағы белді аудармашы Қайша Тәбаракқызының тәржімалауымен бір айдан кейін қытай тілінде жарық көрмекші. «Бұл кітапта Шыңғыс Айтматов екеуіміз әлемдік деңгейдегі мәселелерді көп көтергенбіз. Шын мәніндегі махаббатты т…

0
0
4435

Қытайда қисса сыныптары ашыла бастады

АСТАНА. 17 қыркүйек. BAQ.KZ - Қазақ ауыз әдебиетін жаңғырту, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Қытайдағы қазақ мектептерінде Қисса сыныптары ашыла бастады. Жуырда Шыңжаңның Тарбағатай аймағындағы № 2 орта мектепте қисса сыныбы ашылғанын сондағы аймақтық БАҚ-тардың бірі – Тарбағатай ақпараттық сайты хабарлады. Бұл сыныпты ашудан бұрын оқытушылар қисса-дастандарды жинап, көлемі жеткіншектер түсіне алатын деңгейде, шағын дегендерін іріктеп зерттеген екен. Ұстаздар қисса орындау сарынын үйрету барысында ауыз әдебиетін зерттеуші мамандар мен ауылдағы қариялардың кеңесіне жүгініпті. Қиссашылар жетекшісі Кәбира Мүсінатқызының айтуына қарағанда аталмыш мектепте «Оқушыларды жан-жақты баулу» 2007 жылдан бастап оқыту бағдарламасына енген. Ал, қисса орындауды үйрету осы оқыту бағдарламасының «Көне жаз…

0
0
545

Нұрсәуле МҰРАЛ, Үрімжі қаласындағы № 101 орта мектептің оқушысы: Мен қазақ болғаныма мақтанамын

АСТАНА. 15 қыркүйек. BAQ.KZ - Өзге елді «Туған жерім» деп сыйлап, бөтен ұлттың қас-қабағына қараған қандастарымыздың ең асыл арманы Атажұртқа оралу екені даусыз. Соған дәлел, «Қос тілді оқыту» саясаты қос өкпеден қысып тұрған Қытайдағы кішкентай қандасымыздың Қазақстанға алғаш келгенде жазып қалдырған хаты. Қытайдың Үрімжі қаласындағы № 101 орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұрсәуле Мұрал Қазақстанға осы жылдың тамыз айында келіп кеткен болатын. Төменде сол хатты қазақшаға тәржімалап ұсынып отырмыз. ҚАЗАҚСТАН! Бұдан бұрын бұл мен тек қана картадан сұлбасын көрген ел, жүрегімнің төрінен өшпестей орын алған ұғым болатын. Қазірге дейін ол жайлы түсінігім тым аз еді, ол туралы барлық нәрсе бейтаныс болып келген. Бірақ, осынау қасиетті топыраққа табаным тиген сәттен бастап кеудемді мақтаныш сезім…

0
0
1645

Қытайдағы алдыңғы қатарлы қазақ сайтының бірі — «Күлтегін» жабылып қалды

БЕЙЖІҢ. 14 қыркүйек. BAQ.KZ - Әлемде ақпараттық қорғаныс үшін интернетке цензура қойған ел Қытай мен Вьетнам ғана екенін біріміз білсек, біріміз біле бермеспіз. Әсіресе Интернет полиция жұмыс істейтін Қытайда қазақ сайттарының қанатына тас байланып отыр. Кеше ғана жұмыс істеп тұрған www.kultegin.com сайтын бүгін оқырмандары таппай қалды. Сайт өкілдерінің бірінің айтуынша Қытайдағы қазақ сайттарының басына бұндай күн жиі туады екен. «EraNet (http://www.now.cn) деп аталатын веб-сервер компаниясына кімдер тарапынан арыз түсетіні белгісіз. Қандай пиғылмен біз жайлы жағымсыз ақпарат беретіндіктерін түсінбей-ақ қойдым. Бұндай мүшкіл жағдай Қытайдағы қазақ сайттарында жиі болады. Осының себебінен біз көптеген оқырманымызды жоғалтып қана қоймай, қыруар қаржылық зиянға да ұшыраймыз. Егер арыз инте…

0
0
590

Дүкен Мәсімханұлы: Қытайда айтыспен қоса қазақтың 32 мәдени мұрасы қорғалады

АСТАНА. 14 қыркүйек. BAQ.KZ - Жақында Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысы Күнес ауданында Қытай Халық Республикасы Мәдениет министрлігі, Шыңжаң ұйғыр автономиялы районы Үкіметі және Іле қазақ автономиялы облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу және дамыту» атты халықаралық конференция өтті. Оған ҚХР Мәдениет министрлігінің өкілі Бай Биң, ШҰАР Үкімет басшысының орынбасары Тілепалды Әбдірашитұлы, Іле облысының әкімі Мәнен Зейнелұлы және Қазақ елінен арнайы шақырылған мамандар қатысты. Біздің елден барған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Баймолдаев, айтыс ақыны Серікзат Дүйсенғазин, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба бөлімінің меңгерушісі Тоқтар Әлбеков және Л.…

0
0
1628