Бүгін ҚР Үкіметі отырысында туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді іс-шаралар жайы қаралды
Соңғы жылдары республикада туберкулезге қатысты жағдай елеулі түрде жақсарды.
Іс-шаралар ЖИТС-пен, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Ғаламдық қордың техникалық және қаржылай қолдауы арқылы іске асырылды.
Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе, одан болатын өлім-жітім 3,7 есе азайды.
