Электрондық денсаулық сақтаудың басты элементі – ел азаматтарының электрондық денсаулық төлқұжаты болуы тиіс
Қазақстан Республикасында электрондық денсаулық сақтауды дамыту және іске асыру тұжырымдамасы бойынша 2020 жылға қарай еліміздің денсаулық сақтау саласы уақытылы, өзекті және шынайы ақпарат алудың автоматтандырылған жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шара ең алдымен науқас пен медицина қызметкерінің мүддесіне бағытталады.
Электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасын іске асыру барлық мүдделі тараптарды тартуды көздейді. Ұлттық деңгейде электрондық денсаулық сақтау саясатын анықтайтын, қажетті нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеуді және енгізуді, орталықтандырылған сервистерді пайдалануды, ел ішінде медициналық ақпаратпен алмасатын қызметтер мен жүйелер жұмысын қамтамасыз ететін институционалдық құрылымдар жасақталды.
