Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Баспасөз хабарламасы (Астана, 13.05.2014 ж.)

2014 жылғы 22 мамырда VII Астана Экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылығымен «Денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтеді.

http://www.mz.gov.kz/

0
0
289

2014 жылдың 3 айы ішінде Қазақстанда 14 мыңға тарта адамның жүрегіне операция жасалды

Еліміздің медициналық ұйымдарында ағымдағы жылдың 3 айы ішінде 13752 кардиохирургиялық операция жасалды, оның ішінде 2558 отаны дәрігерлер ашық жүрекке жасаған.

http://www.mz.gov.kz/

0
0
234

Қазақстанда 150 мыңнан астам мейіргер еңбек етеді

Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда 12 мамыр күні Бүкіләлемдік мейіргерлер күні атап өтіледі.

Бұл мейрам 19 ғасырдан бастау алады. 12 мамырда мейіргерлік қызметтің негізін салушы Флоренс Найтингейл дүниеге келген. Қырым соғысы кезінде ол жаралы сарбаздарға күтім жасау қызметін ұйымдастырып, соғыс қимылдары кезінде өлім-жітімнің елеулі түрде азаюына ықпал еткен. Кейін әлемдегі алғашқы мейіргерлер мектебінің негізін қалады. 1934 жылдан бері Ф.Найтингейл атындағы халықаралық қордың бастамасымен Халықаралық мейіргерлер күні жыл сайын атап өтіледі.

http://www.mz.gov.kz/

0
0
345

ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Ұлттық ядролық орталығығының жұмысы жалғасуда

«Радиациялық медицина және экология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Апсаликов Қ.Н. жетекшілік еткен жұмыс тобы кенттің табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын зерделеп, экологиялық зерттеулер, дәрігерлердің көмегіне жүгінген адамдардың медициналық құжаттарын сараптады. Сондай-ақ, Калачи кенті мен Красногорский ауылының тұрғындары медициналық тексеруден өткізілді.

http://www.mz.gov.kz/

0
0
353

Санитарлық авиация қызметі арқылы жыл басынан бері 700-ге тарта медициналық көмек көрсетілді

2014 жылдың 4 айы ішінде еліміздің санитарлық авиация қызметі 517 рет ұшырылым жасап, 700-ге тарта медициналық көмек көрсетті. Оның ішінде 516 науқас тиісті емдеу мекемелеріне тасымалданды, 140 консультативтік қызмет көрсетілді және оқиға орнында 40 операция жасалды.

http://www.mz.gov.kz

0
0
234

Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының V съезі отандық және халықаралық мамандар үшін бірегей тәжірибе алмасу алаңына айналды

Бүгін Алматыда Қазақстанның онкологтары мен радиологтарының V съезі өз жұмысын аяқтайды. Съезде еліміздің әр аймағынан жиналған 500-ден астам және Ресей, Австрия, Германия, Малайзия, Австралия, Жапониядан келген делегаттар бас қосты. Маңызды мәселелер талқыланған съезд жұмысына арналған баспасөз мәслихатына Еуропа онкология мектебінің өкілі Марко Росселли дель Турко, Санкт-Петербург онкологтары ғылыми қоғамдастығының өкілі Владимир Семиглазов, Герминия остео-онкологтар қоғамдастығының президенті Диел Инго, сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру Департаменті директорының орынбасары Гүлнар Құлқаева мен Қазақ Онкология және радиология институты директорының орынбасары Дәулет Байпеисов қатысты. Жиында еліміздегі қатерлі ісікті алғашқы сатысында…

0
0
228

Баспасөз хабарламасы (Астана қ. 30 сәуір 2014 ж.)

2014 жылғы 22 мамырда VII Астана Экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылығымен «Денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Сессия жұмысына медицина, химия салалары бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары, жақын және алыс шетелдің Денсаулық сақтау министрлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, Бүкіләлемдік банк, фармацевтикалық компаниялардың және басқа да мүдделі органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысады. Панельдік сессияның мақсаттары: Қазақстан Республикасының тұрғындарына амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттырумәселелерін, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру мәселелерін шешуді кешеңді талқылау. Қазақстан Респ…

0
0
324