Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еліміздің дәрігерлері «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында Елбасы алға қойған міндеттерді абыроймен атқарады

2014 жылғы 14 қарашада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Министр Т.Дүйсенованың төрағалығымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын болып өтті.

Жиынға өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, психиатрия, наркология, туберкулез, онкология, салауатты өмір салты проблемалары мәселелерімен айналысатын   республикалық және бейінді орталықтардың жетекшілері, ҚР Ішкі істер және ҚР Әділет министрліктерінің, ҚР Бас Прокуратурасының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, БҰҰ АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі Бірлескен бағдарламасының және БҰҰ Нашақорлық пен қылмыс жөніндегі басқармасының Қазақстандағы өкілдері қатысты.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясатын жариялап, Үкімет алдына барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ғаламдық қадам болып табылады.

Жолауда денсаулық сақтауды дамыту бағдарламалары жалғасын табатыны атап көрсетілді.

Осыған орай Министрлік, барлық денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары әрі қарай да бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін құру, әрбір қазақстандықтың денсаулығын сақтау, нығайту және қалпына келтіру бағытында ауқымды міндеттерді орындай береді.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін жеткізу және одан да арттыру, медициналық туризмді дамыту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, медициналық санитариялық алғашқы көмек саласын дамыту жұмыстары жалғасын табады.

Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Мусинов Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту және еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарларына тоқталды. «Денсаулық сақтау және бастауыш білім» жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі факторы бойынша Қазақстанның ұстанымдары елеулі түрде жақсарғаны айтылды. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысының тапсырмаларын орындау үшін денсаулық сақтау жүйесі алдында ел халқына жоғары сапалы медициналық қызметтер көрсету міндеті тұрғанын, барлық мүдделі тараппен бірлесе атқарылатын ауқымды іс-шаралар салада оң нәтижелерге жеткізетінін атап көрсетті.

Кеңеске қатысушылар биылғы Жолдауда айтылған барлық міндеттерді еліміздің дәрігерлері абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

 
0
0
492

Осы тақырып бойынша

Еліміздің дәрігерлері «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында Елбасы алға қойған міндеттерді абыроймен атқарады - Yvision.kz