Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Өрлеу» бағдарламасына 150 мыңға жуық азамат қатысты

Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларымен қатар, 14 облыстың барлығында «Өрлеу» пилоттық жобасы кеңінен жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылардың саны 148,8 мыңға жетіп отыр. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық. «Өрлеу» пилоттық жобасына отбасыларды тарту және атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау мақсатында 238 кеңесші және 1047 ассистент жұмысқа тартылды. Аталған есепті кезеңге сәйкес, кеңесші мамандар 236,4 мың отбасыны ақпараттандырып, оның 26,6 мыңы жобаға қатысты. Бүгінде, соңғы мәліметтер, түсіндіру жұмыстарында Астана қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстарының белсенділігінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған 30,5 мың адам…

0
0
426

Еңбек министрі әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Министр қабылдау барысында сұрақтардың барлығына жауап берді. Келіп түскен арыз-шағымдардың көпшілігі денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне қатысты болды. Мәселен, қабылдауға келген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі С.Айтқалиев өндірістік жарақат алған. Дегенмен, кәсіпорынның қаржылай күйреуіне байланысты, 2007 жылдан бері зардапты өтеуге қатысты төлемі тоқтатылған. Осы орайда облыстағы Комитет департаментінің қызметкерлерімен дереу байланыс орнатылып, мұқтаж жанға қазіргі заңнама баптары түсіндірілді. Қабылдау нәтижесінде Министр әр өтінішті мұқият…

0
0
287

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 17 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2017 жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1194 кәсіпорнында 20 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 2,65 млрд теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1051 ұйғарым беріліп, 145,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 17 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,28 млрд теңге төленді.

Бүгінгі таңда еңбекақыны төлеу бойынша заңбұзушылық деректерін анықтау жұмыстары жалғасуда.

0
0
331

Астанада биылға арналған үздік әлеуметтік жобалар таныстырылды

Астанада бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі болып өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған шараға «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ демеушілік танытты. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймағында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу аяқталды. Өңірлерден келіп түскен 155 өтініштен биыл 20 жоба үздік деп танылды. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өлшемдері ретінде 6 бағыт анықталды. Олардың негізгілері: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға оңалту іс-қимылдарын өткізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру және басқалары. Көрме жұмысына халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер…

0
0
472

Қазақстан Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына жетекшілік етеді

Бүгін Астанадағы ЭКСПО Конгресс-орталығында 150-ден астам елді біріктіретін Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы мен Еңбекмині ұйымдастыруымен, «Әлеуметтік аударымдар – еңбекпен қамтылған халықтың сенімді әлеуметтік төлемақысы» республикалық семинары өтті. Халықаралық әлеуметтік сақтандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанды Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына төрағалық ете бастауымен құттықтады. «Қазақстан биыл ТМД елдеріндегі әлеуметтік сақтандыру қорларын біріктіретін серіктес ұйымымыз саналатын Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығын төрағалық ету құрметіне ие болды. Ерекше қуантатын жайт, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы әлеумет…

0
0
429

Тамара Дүйсенова Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі парламентшілердің азиялық форумы өкілдерімен кездесті

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі парламентшілердің азиялық форумының төрағасы Кейдзо Такеми мырзамен кездесуі өтті. Қос тараптың кездесуі барысында Азия елдерінің әлеуметтік саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселесі қаралып, Қазақстан мен Азия елдері арасындағы күнтәртібінде тұрған әлеуметтік басымдықтар жайы таразыланды. «Шетелдік әріптестермен кездесулердің тиімділігі сол, әлеуметтік түйткілдер мен оларды шешу жолдарын іздестіріп, бірлесе қимылдаудағы жаңа мүмкіндіктер көкжиегі пайда болады. Бүгін Ссздермен де нақты келісімдер жасау ықтималдылығын талқылауға әзірміз», - деді Тамара Дүйсенова мәртебелі меймандарға арналған сөзінде. «Қазақстан – өркендеп, өсіп келе жатқан жас мемлекет. Мені е…

0
0
259

Үздік әлеуметтік жобалар байқауына дауыс беру уақыты ұзартылды

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі өтеді. Көрме нәтижесінде жылдың үздік әлеуметтік жобалары анықталатын болады. Келіп түскен көптеген өтініштер негізінде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған байқауға дауыс беру уақытын 20 қыркүйек сағ. 12:00-ге дейін ұзартты. Онлайн-дауыстар негізінде Қазақстан бойынша үздік 3 әлеуметтік жоба анықталады. Дауыс берудің соңғы дерегіне сай келесі жобалар бәрінен бұрын қоғам назарына ілігіп отыр: «Жить вопреки» 5087 дауыс (Ақмола облысы), «Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолайлы спорт түрімен айналысуға баулу» 5031 дауыс (Алматы облысы), «Ержүрек жандардың игі ісі» 2647 дауыс (Қарағанды облысы). Бүгінгі таңда Қазақстанның ба…

0
0
264

Еңбек министрлігінде Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бүгін, Астанада, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенованың төрағалығымен Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. «Бүгін, біз, инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедек азаматтарға еңбек жағдайын жасау және мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері бойынша бірқатар маңызды жайттарды қарастыратын боламыз. Сонымен қатар, Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай дамытудың тұжырымдамасын талқылау қажет. Бұл құжатқа байланысты орналасқан өңіріне қарамастан кез-келген Қазақстан азаматы, үкіметтік емес ұйым немесе сарапшы өз пікір-ұсынысын қалдыра алады», –…

0
0
486

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі азаматтарды қабылдады

Бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік-еңбек саласы бойынша азаматтарды қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында Вице-министр азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Келіп түскен арыз-шағымдардың көпшілігі денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті алуға, жұмыспен қамту мәселесі, зейнетақымен қамсыздандыру сұрақтарына қатысты болып отыр. Қабылдауға Ресей Федерациясынан көшіп келген азамат, өзіне тағайындалған зейнетақы мөлшерімен келіспейтіндігін айтып, 100% базалық зейнетақы мөлшерін толық алғысығы келетіндігін білдірді. Светлана Жақыпованың айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес, бұдан әрі базалық зейнетақы төлеу жүйесі өзгертілетін болады. Тиісінше, 2018…

0
0
324

Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек саласы бойынша азаматтарды қабылдады. Келіп түскен арыз-шағымдардың көпшілігі денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті алуға, жұмыспен қамту мәселесі, зейнетақымен қамсыздандыру сұрақтарына қатысты болып отыр. Олардың барлығы Министр тарапынан мұқият тыңдалып, әрқайсына қажетті түсініктеме берілді. Қабылдауға қатысушылардың бірі, Ақмола облысының зейнеткері өз кәсібін әрі қарай жандандыруы үшін несие алуға Министрліктің қолдау көрсетуін сұрады. «Азаматтарды қабылдау кезінде Министрлік құзырынан тыс, жалпы Үкімет жұмысының өзге бағыттарына қатысты да сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Себебі, өтініш білдіретін азаматтардың көбісі өз мәселесінің қай мекемеге жолдануы керектігіне жіті мән бермей, ме…

0
0
585