Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шараны аша отырып, қызметкерлерді аталған маңызды мерекемен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде Тамара Дүйсенова Конституция бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешек кепілі екенін атап өтті. «Конституция күні – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң шешімдер қабылдау барысында мемлекет пен қоғамдық санадағы рөлін айқындайтын айтулы мереке. Сіздерге бейбіт өмір, келісім мен тұрақтылық, әрбір отбасында бақыт пен шаттықтың орнауын тілеймін. Отанымыздың өркендеуі үшін биік белестерді бағындыру - бізді жаңа табыстарға жетелейді деп сенемін!», - деді Тамара Дүйсенова. Жиын барысында Министр бірқатар ведомство қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады. Шара соңында, Білім күні қарсаңында, Министрлі…

0
0
342

Елімізде «Еңбек жолы» байқауына дауыс беру жүріп жатыр

Еліміз бойынша үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайтын «Еңбек жолы» байқауына онлайн дауыс беру басталды. Байқау үш аталым бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті», «Үздік жас қызметкер», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері. Бүгінгі таңда өңірімдің 11 өңірінде дауыс беру белсенді түрде жүріп жатыр. Кез-келген Қазақстан азаматы өз қаласының үздік жұмысшысын онлайн тәртіпте таңдай алады. Онлайн-дауыс беру әр аталым бойынша 3 үздік жұмысшыны анықтауға мүмкіндік береді (барлығы 9 үміткер). 2 кезеңде аймақтық комиссия мүшелері іріктелген 3 үздіктен аймақтық жеңімпазды анықтайды. Барлық аймақтағы үздік деп танылған қатысушылар аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, дәл осы кезеңде байқау жеңімпаздары анықталады. Еске сала кетсек, республикалық «Еңбек жо…

0
0
677

Маңғыстау облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді

Ағымдағы жылдың 11 тамызынан бастап, Маңғыстау облысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері басталады. Министрлік өкілдері жұмысын Түпқараған ауданынан бастап, халықпен кездесу өткізеді және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Жұмыс тобының мүшелері халықпен жүздесу барысында Қазақстанның бүгінгі зейнетақы жүйесі туралы әңгімелеп, 2018 жылдан базалық зейнетақыны тағайындаудағы өзгерістер жайына тоқталады. Соңғы шешім қазақстандық азаматтарға қазіргіге қарағанда көбірек зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, министрліктегі құрылымдық бөлімше мамандары халықты жұмыспен қамту саласында мемлекет тарапынан қарастырылған мүмкіндіктер жайын қозғап, әлеуметтік көмек көрсету мен бос жұмыс орындарына бағыттаудағы техникалық-өндірістік білім беру ұй…

0
0
253

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова әлеуметтік мәселелер туралы әңгімеледі

Светлана Жақыпованың айтуынша, Үкіметтің әлеуметтік сала бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мемлекет көмегін алушы барлық тараптар үшін міндеттер ауқымын жүзеге асыруда кешенді әрі жүйелі көзқарасты қажет етеді. «Бүгінде екі миллион қазақстандық зейнеткер өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен зейнетақы алып үлгерді. Ал келесі жылдан бастап, 460 мың мүгедек үшін жәрдемақы инфляцияға қатысты жыл сайынғы индексациядан тыс, 16%-ға өседі. Жекелеген азаматтар санатына жәрдемақыны өсіруден бөлек, әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғыртуды және де көбінесе жария айтыла қоймайтын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілер, сотталып келгендер, белгілі бір тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғалар сынды топтармен жан-жақты жұмыс істеуді жөн көріп отырмыз», - деді вице-министр. Зейнетақы жүйесінің жаңғыру…

0
0
464

Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы Әлеуметтік қызмет көрсету және Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын тексерді

Тамара Дүйсенова Астана қаласының әкімінің орынбасары Андрей Лукинмен бірге “Нұрлы жүрек” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Халықты жұмыспен қамту орталықтарында болып, жергілікті атқарушы билік тарапынан азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бойынша жасалып жатқан жұмыс деңгейін бағалады. Аталған мекемелердің іс-қимылымен танысу барысында Министр атқарылған істерге оң бағасын беріп, әрі қарайғы жаңғырту қадамдарына кейбір өзгертулер енгізуді кеңес етті. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барған кезінде, Тамара Дүйсенова, Министрліктің әлеуметтік қызметтерді дамыту саласында қол жеткізген нәтижелеріне тоқталды. “Қазір біз әзірлеген әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту тұжырымдамасына кез-келген үкіметтік емес ұйым, барша қазақстандықтар, мүмкіндігі шектеулі балалардың а…

0
0
378

Тамара Дүйсенова жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге дайындық барысын айтып берді

Үкіметтегі бірлескен баспасөз мәслихатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге дайындық кезінде қол жеткізілген негізгі нәтижелер туралы әңгімеледі. Министрдің айтуынша, бүгінде 2 миллионнан астам адамға зейнетақы көтеру міндеті іске асырылды. Сонымен қатар, бала туғанға байланысты берілетін біржолғы төлемді 20 пайызға өсіру қамтамасыз етілді. “Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, қазіргі уақытта оның түр-сипаты толық өзгеруде, яғни мемлекет жәрдеміне мұқтаж барлық еңбекке жарамсыз азаматтар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлемі көбейген жәрдемақы иеленетін болады. Еңбекке қабілетті азаматтар әлеуметтік қолдаудың 2 түрін алады - ол атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекет есебінен оқып, шағын несиеге иек арту және ме…

0
0
201

Ақмола облысында Еңбекмині күндері өтіп, өңірде қолға алынған жұмыстарға оң баға берілді

Ақмола облысында 17-21 шілде аралығы министр Тамара Дүйсенованың бастамасымен алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтті. Тамара Дүйсенова халықпен, еңбек ұжымдарымен, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерімен кездесу барысында жергілікті атқарушы билік тарапымен бірлесе отырып іске асырылуы тиіс басты мақсат-міндеттер туралы әңгімеледі. «Негізгі көзделген меже, ол – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының маңызды тұстарын түсіндіріп, әлеуметтік-еңбек саласында қолға алынған шаралар жайына тоқталу. Төрт күн бойы Министрлік мамандары Ақмола облысы әкімдігіндегі құрылымдық бөлімшелер өкілдерімен тізе қосқан райда атаулы әлеуметтік көмек алатын, нәт…

0
0
304

«Парыз» байқауының мерейтойлық кезеңіне 200 кәсіпкерлік субъектісі қатысуға ниет танытты

Қазақстанның барлық өңірінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» және еңбек әулеттері мен өндіріс еңбеккерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауларына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда. Еске сала кетсек, биыл «Парыз – табыстың 10 жылы» тақырыбында өтетін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы төрт аталымнан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін». ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, Қазақстанда тәуелсіздік жылдары әлеуметтік жауапкершілік қағидатын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалды. Байқауды өткізген жылдары (2008-2016 жылдары), оған елдің барлық өңірінен 4 мыңнан астам кәсіпорын қатысты. Былтыр, я…

0
0
386

Ақмола облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері бастау алды

Бүгін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері аясында, ведомстводағы бірқатар негізгі департаменттердің басшылық құрамы Ақмола облысының аудандарында өз жұмысын бастады. Атбасар, Бурабай, Целиноград және басқа да өңір аудандарының халқы мемлекет өмір сапасын жақсарту мақсатында азаматтарға ұсынып отырған мүмкіндіктер тұрғысында білікті мамандардан тікелей кеңес ала алады. Сонымен қатар, жұмысшылар құқығын қорғау мен әлеуметтік қолдау саласындағы тәжірибелі сарапшылардың көмегімен қалыптасқан түйткілдерді тарқатуға жол ашылмақ. Министрлік өкілдерінің алдына қойылған талап та сол, кеңес беруден тыс, аймақтағы жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимылын жандандырып, әлеуметтік қызметтерді иемденудің тиімділігін көтеру жүктелген. “Бүгінде біз әлеуметтік көмек көрсетудің к…

0
0
443

Экономикалық даму ұйымы Қазақстанның еңбек нарығына талдау жасады

Астанада, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жұмыспен қамту, еңбек-әлеуметтік қатынастар жөніндегі директоратының директоры Стефано Скарпетта, «Үш топқа арналған көзқарасқа шолу: жастар, егде жастағы жұмысшылар және халықтың осал топтарын қорғау» жобасы бойынша қорытынды баяндаманы таныстырды. «Жобада, ЭЫДҰ-ның соңғы жылдардағы жастарды, егде жастағы еңбеккерлерді жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі жандарды мақсатты түрде әлеуметтік қолдау саласындағы жұмысы арқау етілген. Осыған байланысты, жоба аясында, ЭЫДҰ елдеріндегі алдыңғы қатарлы тәжірибе арқылы Қазақстанда қолдануға болатын ұсыныс-кеңестер түзіп шығу көзделуде», - деп мәлімдеді Біржан Нұрымбетов. Жоба бойынша жұмыс 2015 жылдың 22 қаңта…

0
0
407