Елімізде 2012 жылдан бері 11 мыңнан астам әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысаны мүгедектер ыңғайына лайықталды
Қазақстанда, 2012-2016 жылдар аралығы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына жататын 27,8 мың нысан мүгедектерге қолжетімділігі тұрғысынан төлқұжаттандырылды. Оның ішінде 17,5 мың нысан бейімделуге тиесілі болса, 11 мың 212-сі мүмкіндігі шектеулі жандардың қажетіне икемделді. Бұл туралы, бүгінгі брифинг барысында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады. Ол, өз баяндамасының басында, Қазақстан 2015 жылы Мүгедектер құқығы жайлы конвенцияны мақұлдаған соң, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды енгізуге байланысты міндеттерді іске асыруға кіріскенін еске салып өтті. Аталған құжат қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында, сол жылы «Мүгедектер құқығын қорғау мәселелері бойынша кейбір ҚР заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтыру…