2016 жылы бос жұмыс орындарының көпшілігі Алматы және Астана қалаларында, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді
Өткен жылы «Жұмыс» (www.enbek.kz) порталындағы мәліметтер бойынша Қазақстанда бос жұмыс орындарының басым көпшілігі Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының – 16%-дан, Астана қаласының – 12%, Батыс Қазақстан облысының – 10% кәсіпорындары мен ұйымдарында байқалды. Порталдағы бос орындардың басым бөлігі қызмет көрсету салаларына келеді – 11 мың 533 (жалпы жұмыс орындарының 20%-ы), өнеркәсіп пен өндіріс – 7 мың 599 (13%), құрылыс пен абаттандыру – 4 мың 595 (8%), білім және ғылым – 4 мың 548 (7%), медицина мен дәрі-дәрмек нарығы – 4 мың 467 (7%). Былтыр аталған порталға жаңадан тіркелген 12 мың 398 пайдаланушының 7 мың 543-і кәсіпорындар санатынан болып отыр. Барлығы, бір жыл ішінде, жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарын есептегенде, 60 мыңға жуық бос жұмыс…