Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Шымкентте солтүстік өңір жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін Шымкент қаласында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, ОҚО қалалары мен аудандарының әкімдері, жоғарыда келтірілген өңірлердегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары және жұмыс берушілер қатысты. «Бүгін алғаш рет ОҚО жұмыс берушілерінен тыс, бірден 4 өңірден бос жұмыс орындары ұсынылаған ірі жәрмеңке өтіп отыр және бұл шараның халық ең тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымда…

0
0
409

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

еңбек құқығы

2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 437 кәсіпорнында 7,7 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 943 млн теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 388 ұйғарым беріліп, 49 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 654 млн теңге төленді.

Жалақы төлемдері бойынша қалған қарызға қатысты жұмыс жалғасын табады.

Жалпы, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізіп, 1,8 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу дерегі анықталды және 65,6 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

0
0
337

2016 жылы Атырау облысының 25 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Атырау облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (24,5 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (1 мың адам) қатарындағы 25 мың 506 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 100%-ы. Оның ішінде: - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 047 адам жұмысқа орналасты; - әлеуметтік жұмыс орындарына 430 адам; - жастар тәжірибесіне 896 адам; - қоғамдық жұмыстарға – 5 мың 478 адам ; - кәсіптік оқытуға 1 мың 547 адам жіберілсе, оның ішінде 216 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды; - 8 мың 757 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмыс…

0
0
305

Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қазақстандықтарға 23 млрд. теңгеден астам төлем жасады

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 23,5 млрд. теңгені құрады. Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 9,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 11 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 1,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 1,1 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 0,2 млрд теңге шығындалған. Аталған қордан жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жасалған орташа 315 мың 973 теңге төлемді 15,2 мың қазақстандық алды. Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 23 мың 478 теңге әлеуметтік төлем 197,9 мың азаматқа берілді. Жұмыссыз қалу жөнінен 4,4 мың адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 19 мың 696 т…

0
0
215

Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан жұмыспен қамту орталықтарында электрондық кезек енгізілді

Алматы, Астана және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту орталықтарында (әрі қарай – ЖҚО) көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында электрондық кезек енгізілді. Жыл аяғына дейін электрондық кезек еліміздің барлық облыс орталықтарындағы ЖҚО-ларда іске қосылады. Сонымен қатар, 172 халыққа қызмет көрсету орталығында (әрі қарай – ХҚКО) жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері үшін 206 жұмыс орны құрылып үлгерді. Бұл дегеніміз, жұмыс іздеген әр жан, енді ХҚКО мекемелеріне де бара алады. Жақын арада ЖҚО мамандары қалған 98 ХҚКО-ларда да қажетті әрекеттерге кіріседі. Еске сала кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай – ЕХӘҚМ) жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимыл сипатын өзгертуде. Аталған орталықтарда, еңбек н…

0
0
590

Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облысы басшылығы мен активіне әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді

Бүгін, Орал қаласына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді. Шараға қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты. ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және…

0
0
289

2016 жылы Ақтөбе облысының 29 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

2016 жылы Ақтөбе облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (20,6 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (8,9 мың адам) қатарындағы 29 мың 454 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 67,3%-ы. Оның ішінде: - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 3 мың 818 адам жұмысқа орналасты; - әлеуметтік жұмыс орындарына 2 мың 113 адам; - жастар тәжірибесіне 2 мың 396 адам; - қоғамдық жұмыстарға - 8 мың 824 адам ; - кәсіптік оқытуға 681 адам жіберілсе, оның ішінде 210 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды; - 10 мың 289 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолдан…

0
0
161

Елімізде әкімдіктер қысқа мерзімге арналған оқыту курстары бойынша 90-нан астам арнайы жобаны жүзеге асыруға дайын

Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында, қысқамерзімді курстарда азаматтарды кәсіби даярлауды қарастыратын 91 арнайы жобаны жүзеге асыруға дайындығын білдірді. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдар тарапына ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, келесі жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды: - үй ішінен шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік бере отырып, зейнеталды жастағы әйелдерді өнімді еңбекпен қамту мақсатында, мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбиелеушілер мен кәсіби бала бағушылар дайы…

0
0
314

Қазақстандықтар жыл басынан бері 43 млрд. теңге жуық сомада әлеуметтік жәрдемақы алды

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 42,1 млрд. теңге қарастырылса, № 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларға 0,9 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 505,3 мың адамды құраса, асыраушысынан айырылған жағдайда 171,5 мың адамды, жасына қарай 3,3 мың адамды байқатуда. Аталған кезеңдегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа көлемі: мүгедектік тұрғысында – 32 мың 28 теңге; асыраушысынан айырылған жағдайда – 28 мың 770 теңге; жасына қарай – 12 мың 719 теңге. Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 наурызындағы дерекке сәйкес, елімізде № 1 және № 2 тізімдері аясында мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар саны 20,6 мыңды көрсетуде. Ағымдағы жыл…

0
0
184

Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысы басшылығы мен активіне әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді

Бүгін, Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді. Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, қалалар мен аудандар және ауылдық округтер әкімдері, «Нұр Отан» партиясы мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары басшылары, тағы да басқа тараптар қатысты. ҚР ЕХӘҚМ басшысы, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрет…

0
0
337