ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Елімізде әкімдіктер қысқа мерзімге арналған оқыту курстары бойынша 90-нан астам арнайы жобаны жүзеге асыруға дайын

жұмыспен қамту

Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктері, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында, қысқамерзімді курстарда азаматтарды кәсіби даярлауды қарастыратын 91 арнайы жобаны жүзеге асыруға дайындығын білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдар тарапына ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, келесі жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды:

- үй ішінен шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік бере отырып, зейнеталды жастағы әйелдерді өнімді еңбекпен қамту мақсатында, мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбиелеушілер мен кәсіби бала бағушылар дайындау;

- арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж тұлғаларға қызмет көрсету үшін әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілер даярлау және аталған азаматтар санатына шағын сыйымдылықтағы үйлер ашуға жағдай жасау;

- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іске асырып жатқан «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне үйрету;

- еңбек нарығына қажет немесе жұмыс берушілер сұраныс білдірген кәсіптерге оқыту;

- жаппай компьютерлік сауаттылыққа оқыту.

Осы орайда, республикалық маңызы бар өңірлерлер мен қалалардағы барлық жергілікті атқарушы органдар тарапы, аталған бағытта жұмыс істеуге әзір екендерін растады. Жобалардың басым бөлігін Атырау мен Қарағанды облыстарының әкімдіктері жүзеге асыруды жоспарлап отыр (оқудың барлық ұсынылған бағыттары бойынша 8 жобадан).

Еске сала кетсек, алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде; шалғай ауылдық жерлерде аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында; жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдалана отырып.