ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

2016 жылы Атырау облысының 25 мыңнан астам тұрғыны халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды

жұмыс

2016 жылы Атырау облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (24,5 мың адам) және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (1 мың адам) қатарындағы 25 мың 506 адам қамтылды. Бұл өңірдегі жұмыссыз және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтыған азаматтардың жалпы санының 100%-ы.

Оның ішінде:

- мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 047 адам жұмысқа орналасты;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 430 адам;

- жастар тәжірибесіне 896 адам;

- қоғамдық жұмыстарға – 5 мың 478 адам ;

- кәсіптік оқытуға 1 мың 547 адам жіберілсе, оның ішінде 216 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды;

- 8 мың 757 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналасты;

- өздігімен 5 мың 972 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, 379 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.