Мазмұнға өту
Kossanov

Амиржан Косанов

@Kossanov

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

54

пікір

1

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Бір триллион бес жүз миллиард теңге жоғалды!

Бір триллион бес жүз миллиард теңге жоғалды! Әміржан Қосанов | 01.02.13 Осы біздің қазекең қызық! Жан қалтасынан біреу мың теңгесін жымқырса, айналаны азан-қазан етіп, басына көтереді, милитсәдан ұрлықшыны дереу табуды талап етеді! Ал, Елбасы «ел қалтасынан 10 миллиард доллар (яғни, 1 триллион 500 милллиард теңге!) із-түзсіз жоғалды» деп алқалы жиында баршаға жария етсе де, түк болмағандай жүре береді. Ол суыт хабарды шыбын шаққандай көрмейді, мыңқ етпейді, тіпті! Осындай кең халқы бар, биліктің де арманы жоқ шығар! Осыншама, тіпті, көз алдына елестетудің өзі қиын соманың Ұлттық қордан жоғалып кетті деген сөзді естіп, баршамыз жағамызды ұстадық! Ол рас! Бірақ өз жағаңды ұстау бір бөлек те, ұрлықшының жағасынан алу екі бөлек! Екіншісіне біз, қоғам, әзірше жарамай жатырмыз! Бір қызығы: бас…

0
1
827

Мәдениет пен телеарна

Қол қалт еткенде "Мәдениет" телеарнасын қарап отырамын. Бір байқағаным, қазіргі бағдарламалардан гөрі қылышынан қан тамған Кеңес идеологиясы тұсындағы қатаң цензурадан өтсе де, ішкі биік талғамы мен шынайы мәдениеттілігн сақтап қалған бағдарламалар анағұрлым терең әрі тұшымды. Тіпті ұлттық проблемалардың өзін сол кезде мейлінше қисынды әрі табанды қозғаған. Жалпы алғанда, бір ғана телеарна ашумен көрерменді мәдениетке баулу мүмкін емес - басқа арналар да мәдениеттілеу бола түссе, шіркін...

1
0
290

Нағыз дос досына нота жолдамайды!

Әміржан Қосанов, «Азат» ЖСДП-ның бас хатшысы:Халықаралық қатынас деген салада көп нәрсені осындай «нотасыз» да шешуге болады. Оның үстіне бүгінгі биліктің Кремльге ерекше көңілін өзіңіз білесіз.Сондықтан осы дипломатиялық жанрды мен көрші елге, яғни, бізге ашықтан-ашық дөңайбат көрсету деп санаймын. Басқасын айтпағанда, екі ел президенттері құзырындағы мәселені екі деңгейдегі шенеуніктің өзара айтысына дейін «түсіріп отыр». Бәлкім мұндай жария демарш - Ақорданың ішіндегі кейбір әсіре ресейшіл ықпалдылардың арнайы жасап отырған қадамы болуы әбден мүмкін.Яғни, қазір Ақордада осы мәселеге байланысты бірауыз пікір жоқ!Химияда лакмус қағазы деген термин бар. Байқоңыр - Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың лакмус қағазы. Онда барлық нәрсе өз сипатын көрсетіп отыр: біздің биліктің Рес…

0
0
484

Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы»..

Арал ауданы Сапақ бекетіндегі бала кезден дос жолсерік сыныптасым бар. Ғаламторға көзқарасы мейлінше теріс әрі заманауи ақпараттық технологиялар жағынан аса консерватор. Ол теміржолдің қос рельсі мен қағаз газеттерін ғана байланыс құралы деп санап келген. Енді сол досым бүгін әлеуметтік жүйеге кіріп, байланысқа шықты! Мен үшін бұл факт қазақ ақпараты тарихындағы "ерекше" оқиға! Сонымен, "Интернетті оқып жүр талай қазақ баласы"...

1
0
429