"Балапан" балалар телеарнасы өз жұмысын бастады...
Үстіміздегі жылдың 27-ші қыркүйегінен бастап "Қазақстан" Ұлттық Телерадиокорпорациясы жанынан балаларға арналған "БАЛАПАН" телеарнасы өзінің жұмысын бастады. Еліміздің жас ұрпағына жетіспей жүрген бұл телеарна елбасы, ҚР президенті Н.Назарбаевтың тікелей "Балапан" бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр. Еліміздің тарихына алтын таңбадай басылатын бұл оқиғаға өзімнің ат салысқаныма қатты қуаныштымын. Телевизия саласында жүргеніме 10 жыл болса да, бұл менің балаларға арнап жасап отырған алғашқы еңбегім. Қарсы алыңыздар, эфирде "Әліппе" оқу-әдістемелік бағдарламасы. "Әліппе" бағдарламасында не көре аламыз десеңіздер: «А»-дан бастап, «Я»-ға дейінгі әріптерді танытып-оқытатын бұл жоба жас буынның бала-бақшада алған білімін жетілдіріп, шығармашылығын шыңдап, ойлау қабілетін арттырып, айналаны тан…