Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жақын досымды екі жылдан кейін бүгін көрдім...

Негізі ер бала мен қыз баланың ортасында достық болуы мүмкін емес дегенге сенбеймін. Өйткені оған дәлел бар... Менің өмірімде бірнеше сондай арулар бар. Олар көп емес. Саусақпен санарлық. Солардың бірі менің жақын досым, әріптесім, соңғы екі жылда Алматыдан кетіп, отбасын құрған әйгілі тележүргізуші Алена Петрова. Бұл "блондиканы" барлығы да білетін шығар.
Екі жылдың ішінде күйеуге шығып, өмірге нәресте әкеліп, сол уақыт ішінде анасынан айырылп үлгірген Алена бүгін Алматы қаласының әуежайына қонды... Өкінішке орай бұл сапары ұзаққа созылмайды. Бар болғаны бір күн. Бірақ соған қарамастан, тығыз жұмыс тәртібінің арасынан уақыт тауып, кездесіп, әңгіме-дүкен құрып, барлық жаңалықтармен бөлісіп үлгердік... Суретке де түсіп үлгердік...

Осы тақырып бойынша

Жақын досымды екі жылдан кейін бүгін көрдім... - Yvision.kz