Сенімді ақтамау
Бастықпын деп бастық болуды ұнатпайтын жанмын. Бірақ, Аллахтың жазғаны шығар шығармашылықта жүргеніме он жыл болыпты. Он жыл бүрын жай ғана журфак студенті болып жүріп, қазіргі таңда құдайға шүкір, өзімнің жеке продакшн студиям бар. Шүкір...
Бірақ, мен өзім басқарып отырған шығармашылық топтың досымын. Қайғырса-мұңайып, қуанса-қуанып, қиналса-қол ұшымды беріп жүрген жанмын. Онымен мақтанбаймын. Тек топта ұйымшылдық болсын дегенім болмаса... Бастық болып күнде ұрысып, кешіксе жалақыдан кесіп жату - мен олай жасай алмаймын.
Мойынға артылған үлкен жауапкершілікті ақтау әркім үшін үлкен нәрсе деп түсінемін. Соған қарамастан менің сенімімді ақтай алмай жүрген топқа қарным ашады... Неге? Сонда мен неменеге олармен бірге бала болса - бала болып, ауырса "қайта ғой" деп жүрмін? Әлде менікі дұрыс емес пе?
Түсінбеймін... Ренжимін... Ашулымын...
