Мен ол - менмін!
Негізі адам, адам боп жаратылған соң өмірде тек "қалыптасып қалған" стереотиппен емес (мынаны жасауға болмайды, былай істесең дұрыс емес,-деген сияқты) заман ағымымен бірге жүрген дұрыс деп ойлаймын. Соңғы кездері ғаламторды меңгеріп келе жатқандардың саны аз емес. Қайсыбірінің ұялы телефонында МАгент, Фэйсбук, вКонтакте және де басқа әлеуметтік сайттарының мобильді телефонға арналған нұсқаларын көріп жүрмін. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз - қазіргі жастарымыздың әлеммен бірге дамығандығын көрсетеді.
Міне, бүгінде БЛОГ деген де сәнге емес, өмірдің қызығына айналғандай. Өзіме-өзім осыдан бірнеше жыл бұрын блог-тұғырнамамды ашпаймын деп уәде беріп едім, өкінішке ме, қуанышқа ма орай, бүгін, дәл осы сәтте, дәл осы сөздерді жазып отырмын. Басқа нәрсеге уақыт ешқашан табылмайды, ал интернет десек, ішкен асымызды, жерге қоятын халге жеткеніміз бе? Не болып кетті? Әлде, бізге сырласатын басқа адам табылмай қалып па?
Қойшы бәрін... Баршаларыңызға сәлем бердім.
Қош келдің, Азамат!!!
