Мазмұнға өту
Green-bridge1

Green-bridge1

Сайтта 2015 ж. 10 қыркүйекКазахстан, Астана

Программа партнерства "Зеленый мост"

рейтинг

100

жазбалар

844

пікір

1

тіркелуші

13

жазылымдар

193

А.Есімов Парижде ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы туралы есеп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 25 қарашада Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 158-ші сессиясы өтті, оған ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовтің басшылығымен қазақстандық делегация қатысты. «Астана ЭКСПО-2017 ҰК баспасөз қызметі хабарлағандай, отырыста «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық туралы есеп тыңдалды.Өз сөзінде ұлттық компания басшысы көрме кешенінің құрылысы бойынша жұмыс мәртебесі, көрменің мазмұнды бөлігі, халықаралық қатысушыларды, демеушілерді тарту және көрмені алға жылжыту мәселелерін айтты. А.Есімов бүгінде 54 ел мен 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растағанын нақтылады, сонымен қатар, халықаралық павильондар секцияларының 29 комиссары тағайындалды. ҚР Үкіметі мен ХКБ арасындағы See Agreement ша…

1
0
215

Швейцарияда мәңгі жасыл желектермен көмкерілген 117 метрлік тұрғын үй салынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Инновациялық экологиялық құрылымдармен айналысатын итальяндық сәулетші Стефано Боэри Швейцарияның Лозанна қаласында биіктігі 117 метр болатын тұрғын үй салмақ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Бұл үй мәңгі жасыл ағаштармен көмкерілген әлемдегі алғашқы ғимарат болады.

La Tour des Cedres (“Кедрлер мұнарасы”) деп аталатын 36 қабатты ғимаратта жүзден астам ағаш, 6 мың бұта мен 18 мың түрлі өсімдіктер өсетін болады. Жалпы көлемі үш мың шаршы метр жасыл аумақ қамтылмақ.

Өсімдіктер үйді желден, шаң мен шудан қорғайды деп күтілуде.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12270

1
0
330

СҚО мектептері биоотынға көшті

Қызылжар ауданындағы Якорь және Асанов ауылдарының оқу ордалары осы жылдан бастап сабан жаға бастады. Жылу қазандықтарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өз қаржысына кәсіпкер орнатып беріпті. Бекітілген тариф бағасы екі есе арзан. Якорь орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қытымыр қысты қуана қарсы алды. Білім ордасы отын – көмірден бас тартып, сабан жаға бастады. Бұл оқу ғимаратын, шағын орталық пен интернатты толық жылытып отыр. Елена Машинец, Якорь орта мектебі директорының орынбасары: - Биоотын 3 есе арзанға түсіп отыр. Былтыр 450 тонна көмір жағатынбыз. Бұл – шамамен 4 млн теңге. Сондықтан қазандықтың тиімділі айтпаса да, түсінікті. Жылу қазандығы 800 градусқа дейін қызады. Әрі мектептегі температураны өзі реттейді. Биопешке тәулігіне 5 рет сабан салынады. Екі орам саб…

1
0
346

EXPO-2017 көрмесіне 54 ел қатысуға ниетті

Бүгінгі таңда EXPO-2017 көрмесіне 54 мемлекет пен 11 халықаралық ұйым қатысуға ниет білдірген.

29 секция комиссары бекітіліп, көрмеге қатысатын 12 елмен келісімшартқа қол қойылыпты. Қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі әлемнің 149 мемлекеті мен 38 халықаралық ұйымға арнайы шақырту жіберген.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12264

1
0
202

Депутат А.Милютин Санкт-Петербургтегі форумда «жасыл экономика» туралы баяндайды

Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин бүгін Санкт-Петербург қаласында ашылған «Жасыл экономика» IX Халықаралық форум жұмысына қатысуда, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Басқа да сөз алушылармен қатар Қазақстандағы «жасыл экономиканы» жетілдіру туралы парламентшінің сөз сөйлеуі күтілуде. Форум шеңберіндегі талқылаудан өзге биогаз технологиясы инновациясы, органикалық шикізаттан өндірілетін синтезатор жұмысын қолданумен де танысады.

23-25 қарашада Константинов сарайында өтетін шараның ұйымдастырушылары – Ресей Федерациясының Табиғат ресурстары мен экология бойынша министрлігі мен Федералдық Жиынның Мемлекеттік Думасы.

http://gbpp.org/kz/2015/11/12198

1
0
281

Германиядағы бизнес-форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Германияның Лейпциг қаласында өткен бизнес-форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Оған неміс елінің ірі компанияларынан 60-қа жуық өкіл қатысты. Кездесуде энергия көздерін жаңарту саласы бойынша меморандумға қол қойылды. Германияда машина құрылысы, металлургия, тұрмыстық және химиялық өнімдерімен аты шыққан Саксония кәсіпкерлер кездесетін орынға айналды. Осында өз таныстырылымын жасаған қазақстандықтар елімізде инвесторлар үшін жасалған жағдайдың ерекше тұстарына тоқталып өттті. Мамандардың айтуынша, экономикалық бос кеңістік пен инвесторларға қатысты жаңа заң жобасы одан қалды салықтағы жеңілдіктер кәсіпкерлердің өз бизнесін дамытуға дем береді. Кайрат Карманов, «Kaznex Invest» АҚ Инвестиция және экспорт ұлттық агенттігі басқарма басшысының орынбасары: - 2014 жылд…

0
0
358

Нидерланд EXPO-2017 көрмесіне қатысуға дайын

Нидерланд елінің іргелі компаниялары Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Энергетика, көлік логистикасы, ауылшаруашылығы салалары мен баламалы энергия көздері бағытындағы жетістіктерімен мақтана алатын бұл кәсіпорындар елімізде өтетін ауқымды шарада өз өнімдерін ұсынуға дайын. Бұл туралы EXPO-2017 Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Нидерланд Корольдігіне сапары барысында мәлім болды. Нидерланды мемлекеті – Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі. Еуропа елінен бізге құйылған қаражат көлемі 56 миллиард АҚШ долларын құрайды. Алдағы уақытта бұл әріптестік одан ары нығаймақ. EXPO-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев Нидерланд үкіметі өкілдері және өнеркәсіпшілер мен жұмыс берушілер конфедерациясының жетекшілерімен кездесуде осы тақырыпты өрбітті. Тараптар екі мемлекет арасындағы саяси ж…

1
0
377