Пан Ги Мун Қазақстанға тұрақты даму саласы бойынша БҰҰ-ны қолдағаны үшін алғысын айтты
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған таяудағы жолдауларында Қазақстанға тұрақты даму саласы бойынша БҰҰ-ны қолдағаны үшін алғысын айтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. «2030 жылға дейінгі кезеңдегі тұрақты даму саласындағы жаңа Күн тәртібін қорғауда және климаттың өзгеру мәселелерін шешудегі Қазақстанның тұрақты түрдегі қолдауын қуаттаймын. Осыған байланысты Жоғары мәртебелі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада жасыл технологияны дамыту мен инвестициялық жобалар жөніндегі Халықаралық орталық ашу жөніндегі бастамасымен құттықтаймын». Қазақстан Президенті Орталық құру туралы идеясын БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 жылдық сесиясындағы Жалпы пікірсайыстар кезінде жария еткен болатын. Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевқа…