«Тәтем-ай» немесе қайран әкем!
Әкем – Қорған Әмірхамзаұлының рухына бағыштаймын! Қазақстанның әр жерінде әкені – тәте дейді екен. Мысалы, Абай Құнанбайды "тәте" депті, Жамбыл Жабаевты балалары «тәте» дегенін оқығаным бар. Бәлкім бұл бұрынғы заманнан қалған атау ма екен? Олай дейтінім, украин халқында да әкесін «тато» деп айтады. Ежелгі түркі тілінен қалған жұрнақ қой! Әкемізді «тәте» дейтінбіз, әрине оқырмандарға түсінікті болу үшін әке деп алып отырмын, әйтпесе «әке» деп айту біртүрлі екен, негізі мен үшін үш-ақ «тәте» бар, біріншісі – әкем Қорған, екінісі - Гүлжан тәтем, үшіншісі – Қалжан тәтем. Соңғы екеуі Сейдағали көкемнің қыздары. Бірақ, бүгінгі әңгіме әкем – Қорған туралы болмақ. Менің әкем – Қорған Әмірхамзаұлы 1927 жылғы 5 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы (бұрынғы Торғай уезі Қарақоға б…

