Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

315

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

Туризм толғандырады!

Қазіргі күні ішкі туризм туралы айтатын болсақ сыртқы туризм туралы бір-екі ауыз сөз айтуға да тура келеді. Өздеріңіз білетіндей көк қағаздың қымбаттауынан сыртқа шығатын туристер саны күрт азайып, шетелге барушылар бірден 60-80 пайызға дейін төмендеп кетті. Бұрындары шамамен 10 млн.жуық Қазақстан азаматы шетелдерде демалатын (бірақ бұл жерде статистикалық деректердің әртүрлі екенін ескерген жөн, мысалы, еңбек мигранттары да бұл санға қосылып тұр). Әрине бұл сыртқа шығатын туристер үшін жақсы жағдай емес, сәйкесінше бұрын Қытайда, Түркияда (сыртта демалушылардың көпшілігі Түркияда дем алған екен), Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғызстанда немесе тағы басқа елде жұмсайтын қаражатына еліміздің өз ішінен демалатын, саяхат жасайтын орындар іздей бастады. Егер, әрбір шетелге шығушы турист кем…

1
2
1453

Әкемнің «тамыры»

Алдағы келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтай отырып, әкем Қорған мен оның досы (тамыры) Иван туралы баяндамақпын. Кейде бұқаралық ақпарат құралдарында достық, ұлттар достығы туралы айтылып не көрсетіліп жатады. Бірақ, көбінесе жасанды екені көрініп тұрады. Ал шын достық басқаша болатынын бала кезімнен білемін. Қазір менің әкем 89-ға келді, өмірінің басым бөлігін Қостанай облысының аумағында, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында өткізді. Әке-шешесінен, ең жақын туған-туысқандарынан ашаршылықта ерте айрылған ол, жастайынан қиыншылықты көп көріп, колхоз-совхоздарда еңбек етті, тыл жұмыстарын атқарды. Зейнеткерлікке шығар алдында кеңшарда директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметінде болды. Іссапарларға көп шығып тұрды, сондай қызметтік іссапарлардың…

0
0
519

Үндістандағы қазақтар туралы

Жалпы, Үндістанға қазақтардың келуін Ұлы Моғолдар империясының негізін қалаған Бабырмен және сол Үндістанның Кашмир аймағын билеген Мұхамед Хайдар Дулатимен байланыстыруға болады. Ал шындығында, біздің арғы ата-бабаларымыз, яғни далалықтар есте жоқ ерте дәуірден бері Үндістанмен тығыз қарым-қатынас жасап, көп уақытта сол жерді бағындырып, өз билігіне де алып отырған. Оған өз заманындағы қуатты империя болған ежелгі Кушан мемлекеті мен эфталиттердің (ақ ғұндардың) Үндістан тарихындағы орнын еске алсақ, көп жайтқа қанық боламыз. Үндістанда пайда болған буддизм діні сол алыс-беріс, сауда-саттық, қарым-қатынас арқылы Қытайға Тибет немесе Үндіқытай арқылы емес, Ұлы Жібек жолын бойлай отырып, қазіргі қазақ жері арқылы Қытайға жеткен болатын. Буддизм неліктен Тибет немесе Үндіқытай арқылы жетпед…

2
0
3388

Сирияның «Шамы» қашан жанады?!

1-cурет. Еуропаға жетуге тырысып жатқан Сирия босқындары. «Араб көктемі» ең бірінші Солтүстік Африкадағы Тунис мемлекетінде басталған еді. 1956 жылы Франциядан тәуелсіздігін жариялаған Тунисті Хабиб Бургиба басқарған болатын, кейін 1987 жылы премьер-министр лауазымына Хабиб Бургиба тағайындаған Зин эль-Абидин Бен Әли кейін билікті өз қолына алады. Ал, оның тақтан таюына араб елдерінің ішінде алғаш рет осы елде басталған «Араб көктемі» (Туниске қатысты «Жасмин революциясы» деп аталады) әсер етті. Ел халқының жағдайы нашарлағаны, сыбайлас жемқорлықтың күшейгені сондай мемлекеттің жұмысқа тұрмаған, жұмыссыз адамдарының саны 13-15 процент болғанымен, осы кезеңде жоғары оқу орнын бітіре тұрып, жұмысқа орналаса алмаған жастардың үлесі 60 процентке жеткен. Мұхаммед Буазиди атты жігіттің өзін өзі…

0
0
1193

Қытайдың түркі текті мұсылман адмиралы Мұхаммед туралы не білеміз?

1-cурет. Чжен Хе 7 рет экспедицияға шыққан болатын. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары әлемнің көптеген елдерін, оның ішінде Қытайды да бірнеше ғасыр билеп-төстегені тарихтан мәлім. Қытайлардың 1500 жылдан астам уақыт бойы (Цинь және Хань әулеттерінен бастап Мин әулетіне дейін) біздің ата-бабаларымыздан қорғану үшін тұрғызып келген Ұлы Қытай қорғанын жауынгер жұрт - көшпенді монғолдар бұзып-жарып өткен болатын. 1211 жылы моңғолдар Қытайға алғаш басып кірген соң, 1279 жылы Құбылай хан тұсында бұл ел толықтай моңғолдардың қол астына көшті. Қытаймен бірге Орта Азияны жаулап алған Шыңғысханның ізбасарлары аталған елдерді басқару үшін сауатты әрі сенімді адамдарды өз қатарларына тарта білген. 2-сурет. Қытайдың билеушісі Құбылай хан. Қытайды билеген моңғолдар бағынышты жұртын төрт санатқа бөледі. Б…

2
2
3660

Менмұндалаған Мұнанай!

Жалпы, Ресей империясы Қазақ даласының маңыздылығын әуелден ерте түсінген болатын. Соған қатысты 1 Петр патша былай деген болатын: «Хотя оная киргиз-кайсацкая орда степной и легкомысленный народ, токмо всем азиатским странам и землям оная орда — ключ и врата». Иә, шынында басқа Азия елдеріне өту үшін Қазақ жері арқылы шығу мүмкін еді, сондықтан әуелі қазақтарды бірде қарудың күшімен бірде сауда-саттық арқылы бағындыру қажет еді. Ресейдің бағзы заманнан қалыптасқан бір дәстүрі бар, ол өзімен іргелес отырған түркі жұртының шабуылынан қорқып, оларға қарсы бекіністер желілерін салатын еді және ол істе көбінесе казактарға сүйенетін. Мысалы, 1550 жылы далалықтардан қорғану үшін «Засечная черта» деген қорғаныс желісін салады. 1580-1590 жылдары осы желі бойында мынадай тірек пункттері-қалалар сал…

0
0
1754

Қырғызстан қазақтары туралы не білеміз?

1-сурет. Қазақ-қырғыз байрағы. Дүние жүзінің әр түпкіріне тарыдай шашылған қазақтар көрші әрі бауырлас ел Қырғызстанда да тұрып жатыр. Егер қазақ диаспорасының шетелдегі саны бойынша бірінші орынды Қытай қазақтары, одан кейін Өзбекстан қазақтары, үшінші орынды Ресей қазақтары, төртінші орынды Монғолия қазақтары алатын болса, қазіргі уақытта Түркіменстандағы бауырластарымыздың елімізге жаппай оралуына байланысты бесінші орынға Қырғызстан қазақтары шықты. Қырғызстан қазақтарының ресми саны 46 мың көлемінде, бірақ нақты саны жүз мың деп нық сеніммен айта аламыз. Әрине, мұндай алшақтық қайдан шықты деген сұрақтың туындауы заңды да? Жалпы, Қырғызстандағы қазақтар ол елдің барлық аумағында кездеседі, ал негізінен Шу, Ыстықкөл, Талас облыстары мен Бішкек қаласында көбірек қоныстанған (тек Бішкек…

1
0
5740

РЕСЕЙ ҚАЗАҚТАРЫ немесе тағы да тіл мәселесі

1-сурет. Ресейдегі Құрманғазы ескерткіші. Ресейде қазақтар негізінен Қазақстанмен шекаралас аймақтардың бәрінде, яғни Алтайдан бастап Астраханьға дейінгі жерлерде тұрады. Ең алдымен мына мәселенің басын ашып алуымыз қажет, жалпы сырттағы қазақтардың басым көпшілігі өз ата-қоныстарында отыр, бұл әрине Ресей қазақтарына да қатысты. Ал атамекенінен тысқары кеткен қазақтар Әлемнің қай түпкірінде жүрсе де сол елдерде, мысалы, Стамбұлда «Қазақкентті», Ауғанстанда «Қазақ сарайын», Үндістанда «Қазақабадты» салды. Ресейде тұратын қазақтарды өңірлер бойынша таратып айтатын болсақ ең алдымен, Астрахань, Орынбор, Омбы, Саратов, Волгоград, Челябі, Самара, Қорған, Түмен, Новосібір, Мәскеу, Свердлов, Ростов, Томск облыстарында, Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында, Қалмақстан, Башқұртстан, Саха, Татар…

2
0
6128

Ноғайлар туралы

1-cурет. Ноғайлар, 19 ғасыр. Қазақ жалпы ноғай туралы айтқанда «ноғай» этнонимін шатастырады. Түркі халықтарының ішіндегі қазақтарға ең жақын, ең туыс халық - бұл ноғайлар. Қазан татарларын, кейде басқа да татарларды қазақтар мүмкін білместікпен, мүмкін бұрынғы ноғайды ұмыта алмай, ноғай деп атай береді. Шын мәнінде ноғай - біреу-ақ. Ноғайларды тағы бір түркі халқы – Ресейдің Орал өңірінде тұратын ноғайбақтармен ешқандай да шатастыруға болмайды. Кейбір ғалымдар ноғай сөзін моңғолдың «нохай», яғни «ит» деген сөзімен байланыстарады. Оған дәлел ретінде итке қатысты «сарт» деген сөзді, яғни «сары ит» деген сөзді алға тартады, ал шынтуайтқа келгенде ноғай этносының атауы Алтын Орда дәуіріндегі Ноғайдың атымен байланысты деп ойлаймыз. Қазіргі мекені Солтүстік Кавказда. Ресей мен ТМД елдеріндегі…

1
0
9072

Американы ашқан мұсылмандар ма?

1-cурет. Америка Құрама Штаттарындағы Америка Ислам Орталығының ғимараты. Соңғы жылдары кейбір ғалымдарымыз Америка құрлығын мекен ететін үндістерді Азия құрлығынан барған, тіпті түркі тілдес халықтармен жақындығы бар деген болжам айтып жүр. Тілдік ұқсастықтарын да табуда. Мәселен, осы бағытта көп тер төгіп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов «Азия-Берингия-Америка немесе америкалық «үндістердің» азиялық тегі» (2003) және «Азия-Берингия-Америка или азиатское происхождение американских «индейцев» (2006) атты кітаптарында үндістердің шыққан отаны - Алтай аймағы болуы мүмкін екендігін айтады. Алайда, біздің байқауымызша, қазіргі заманғы үндістер Америка құрлығына әр кезеңде әртүрлі жолмен келген халықтардың өкілдері, ұрпақтары болуы кәдік. Олай дейтін себебіміз, Оңтүст…

0
0
2282