Мазмұнға өту
ERKANAT_NAIMAN

ERKANAT_NAIMAN

Сайтта 2016 ж. 11 тамыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

103

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Кейбір жұлдыздарға Гена кеше тамаша үлгі көрсетті

Ештен кеш жақсы! Геннадий Головкин жерлестерін Конституция күнімен құттықтапты. Инстаграмдағы  Генаның жеке парақшасындағы құттықтауды кеш көрдім. "Барша қазақстандықтарды ең маңызды Ұлттық мерекелердің бірі Конституция күнімен құттықтаймын, табыс пен бақ-береке тілеймін, құтты болсын,- депті. Алыстағы Англияда жүрсе де біздің құттықтауды ұмытпайтын, елжандылығына риза болдым. Кейбір жұлдыздар Қазақстанда жүріп, мереке күні болса да инстаграмға ішкен-жеген тамағы мен киімін немесе барған тойын салып отырады. Осындайда халқын құттықтаса несі кетті, тойдағы тамақ ішкенін басқа күндері салар еді ғой деген ой келеді. Осыған ойы жете бермейтін кейбір жұлдыздарға Гена кеше тамаша үлгі көрсетті.

1
0
257

Ақшам болса мен де сатып алар едім, Генаның қолғабын!

Отандық белді кәсіпкер, Райымбек Ботлерс  сусындарын шығаратын кәсіпкер Райымбек Баталов Генаның қолғабын аукционнан 8 миллион теңгеге сатып алыпты. Бұл  дегеніміз Қосшыдағы немесе Алматыдағы «Асыл Арман» қалашығындағы жақсы бір бөлмелі пәтер. Аз ба көп пе, әркім өзі біледі? Райымбек үшін қолғап, біз үшін пәтер. Айтқым келгені кез келген кәсіпкер тиын санап бай болады. Яғни 8             миллионды жайдан-жай беріп отырған жоқ. Өйткені Гена әлемдік деңгейдегі тұлға,жұлдыз. Сондықтан да оның қолғабы шын мәнісінде құнды жәдігер. Оны ертең кәсіпкер жеке көрмесінде сақтайды және ол жылдар өткен сайын тек құнды бола түседі. Ақшам болса мен де сатып алар едім, Генаның қолғабын!

1
0
478

Бұл Генаның биылдыққа екінші жекпе-жегі

Бұл Генаның биылдыққа екінші жекпе-жегі. Бұған дейін Геннадий Головкин көктемде,  24 сәуір күні  американдық боксшы Домиником Уэйд есімді боксшыны аямай сабап, 2 раундта нокаутқа жіберген борлатын. Осылайша Гена WBA  нұсқасы бойынша әлем чемпионы деген атақты 16-шы рет дәлелдеп шықты.  Айтпақшы бұл жекпе-жек Генананың спорттық өмірдегі ең үздік боксы болды деп бағаланған. АҚШ-та ұлттық батыр Майкл Фельпс болса,бізде Гена! Енді санаулы күнде Гена жерлесіміз тағы бір жекпе-жек өткізеді. Бұл жолы ағылшындықты аямай соққыға жығады деп сенеміз. Спорттық шоуды 10 қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні өтеді. Дайындалыңыздар!

1
0
274

Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім.

Әлемге әйгілі аяқ-киім брендтерінің бірі «Jordan» маркасы бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін аяқ-киім тігіп беріпті. Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім. Кеше бұл ақпаратты GGG инстаграм тобынан оқып қатты қуандым. Айдаладағы Қазақстанның жігітіне американдықтар аяқ-киім тігіпті дегенді кім естіпті. Мықтының аты мықты. Спорт барлығын мойындатады. Енді жерлесіміз осы аяқ-киімді киіп алып, Келл Брукты қуып жүріп ұратын болады. Келл Брук Генаның езгісіне шыдамайды-ау деп топшылап жатыр спорт сарапшылары. Расында да бірінші раундта бітіп қалса не істейміз? Не де болса Қазспорт пен Қазақстан телеарнасынан 10 қыркүйектегі «бойды» күтеміз. Алға Гена!

1
0
476

Геннадий Головкин: мақсат-мұраттарымның біраз бөлігі орындалды.

Геннадий Головкин: мақсат-мұраттарымның біраз бөлігі орындалды. Гена осылай депті. Бірақ мен тарихи жетістіктерімді жалғастыра бергім келеді. Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Бірақ бұл мәтел генаға айтылмаған ау. Өйтені оның бала кездегі барлық арманы орындалыпты. Бала кезінде атақты боксшы өзінің алдағы өмірін тек бокспен байланыстырыпты. Сол кезде әлем чемпионы болам деп армандайды екен. Міне сол армандары 30 жастан асар-аспас кезеңде орындалып үлгерді. Бақ емей немене?! Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері әукесқой бокстан көрі кәсіби бокс көбірек ұнайтынын жеткізген. Гена.. генажан қай бокста болсаң да ман бол, тек жеңісіңді көрейік.

0
0
265

Алдағы жепе-жек Генаның карьерасындағы ең қатерлісі ма?!

Геннаның промоутері Том Леффлер Boxing Newsке берген сұқбатында Келл Бруктың әлеуеті туралы айтыпты. Өз сөзінде ол алдағы жепе-жек Генаның карьерасындағы ең қатерлісі екенін айтқан. Себебі Келдің денесі шағын болғанымен ол өте шымыр. Ол оған дейін барлық жекпе-жетерінде жеңіске жектен. Сондықтан да бұл кездесуге жәй қарауға болмайды. Генна қазір қызу  дайындалып жатқанға ұқсайды. Өз басыма спорттағы сәуегейлік ұнамайды. Барлығын шешуші сәт кездесудің өзі көрсетеді. Тек сол күні белгілі болады. Бақ шаба ма бап шаба ма? 10 қыркүйекті және Казақстан мен қазспорт эфирін күтеміз.

0
0
265

Гена ақылды жігіт, ол жағын да ойластырып қойған шығар.

Геннадийдің біз біле бермейтін атақтары. Қазіргі замандағы әлемдегі кәсби бокстағы ең атақты тұлғалардың бірі. Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген спорт шебері. Әуесқой бокста Гена 350  жекпе-жек өткізіп, оның 345 де жеңіске жетіпті. Ал кәсіби бокста жүргеніне биыл он жыл болыпты. Аз уақыт емес. Енді шыққан ьиігінде түрған кезінде спорттан кеткені дұрыс шығар. Айтпақшы ол туралы да әңгіме айтылып жүр. Гена ақылды жігіт, ол жағын да ойластырып қойған шығар.

0
0
224

Гена 35 жепе-жектің 35-сін жеңіспен аяқтапты

Гена 35 жепе-жектің 35-сін жеңіспен аяқтапты. Бругың да осал емес екен. 30 жасар британдық 36 бокстың барлығында жеңіске жетіпті, онығң 25 нокаут екен. Жас қанша дегенмен. Баяғыда шалдар айтушы еді жастың аты жас, жықпай қоймады деп. Дегенмен Генаның да қартайып тұрғаны шамалы.  Қазір нағыз бабында. Тәк што кез-келгенін қиратып, тағы бір атақты, тағы бір белдікті олжалайды деп күтеміз. 10 қыркүйек күнгі түнгі эфирді жіберіп алмайық бастысы. Қазақстан, Қазспорт алға.

0
0
263

Бокс Лондондағы «О2» спорткешенінде өтеді.

Ең қызықты бокс жекпе жегі Геннади Голвокин мен Келл Брукпен кездесуін 10  қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні Қазспорт пен Қазақстан телеарнасы көрсетеді екен. Сондай-ақ аталған арналардың интернет сайттарынан да бұл боксты тамашалауға болады. Ал бокстың өзі Лондондағы «О2» спорткешенінде өтеді. Ол жерге 20 мың адам жиналады деп күтілуде. Айта кету керек бұған дейін де қазспорт эфирінен Генна жерлесіміздің талай боксын тамашаладық. Мысалы сәуірдегі Доминик Уэйдпен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі, оның алдындағы Давид Лемьемен болған жекпе-жекті айтсаңызшы. Айызымды қандырған жепе-жектер болды. Айтпақшы осы кездесуде сол кезде беймезгіл уақытқа қарамай 3,5 миллион адам, ал сайт арқылы 1 миллион адам  тамашалапты. Бұл жолы да осындай қызық күтеміз.

0
0
297

Жекпе-жек 8-9 раундқа дейін созылуы мүмкін

Орта салмақтағы 3 версия бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин  Келл Брукпен кездесуі туралы әңгімелеп беріпті. Генна бауырымыз төрешілердің ысқырығы 12 раундты соқпай тұрып қарсыласын қирататынын айтыпты. Оның сөзінше жеке бапкері Абель Санчес жаңа техника жаңа әдіспен жаттықтырған. Бұл жолы жылдамдыққа епін бермек. Яғни Геннадий Голвкин еш қиналмай қарсыласын бастапқы раунда жеңіп қалуым әбден мүмкін депті. Дегемен Келл көп қозғалып белсенділік көрсетсе, жекпе-жек 8-9 раундқа дейін созылуы мүмкін депті. Бірақ оның аяқ алысыны анықтау үшін маған бір раунд жетеді дегендей сыңай танытыпты. Гена не айтатынын білетін жігіт, айтқаны келсін дейміз.

0
0
289