Ақшам болса мен де сатып алар едім, Генаның қолғабын!
Отандық белді кәсіпкер, Райымбек Ботлерс сусындарын шығаратын кәсіпкер Райымбек Баталов Генаның қолғабын аукционнан 8 миллион теңгеге сатып алыпты. Бұл дегеніміз Қосшыдағы немесе Алматыдағы «Асыл Арман» қалашығындағы жақсы бір бөлмелі пәтер. Аз ба көп пе, әркім өзі біледі? Райымбек үшін қолғап, біз үшін пәтер. Айтқым келгені кез келген кәсіпкер тиын санап бай болады. Яғни 8 миллионды жайдан-жай беріп отырған жоқ. Өйткені Гена әлемдік деңгейдегі тұлға,жұлдыз. Сондықтан да оның қолғабы шын мәнісінде құнды жәдігер. Оны ертең кәсіпкер жеке көрмесінде сақтайды және ол жылдар өткен сайын тек құнды бола түседі. Ақшам болса мен де сатып алар едім, Генаның қолғабын!
