Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім.

Әлемге әйгілі аяқ-киім брендтерінің бірі «Jordan» маркасы бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы Геннадий Головкин үшін аяқ-киім тігіп беріпті. Жәй аяқ-киім емес, ұлттық нақыштағы спорттық аяқ киім. Кеше бұл ақпаратты GGG инстаграм тобынан оқып қатты қуандым. Айдаладағы Қазақстанның жігітіне американдықтар аяқ-киім тігіпті дегенді кім естіпті. Мықтының аты мықты. Спорт барлығын мойындатады. Енді жерлесіміз осы аяқ-киімді киіп алып, Келл Брукты қуып жүріп ұратын болады. Келл Брук Генаның езгісіне шыдамайды-ау деп топшылап жатыр спорт сарапшылары. Расында да бірінші раундта бітіп қалса не істейміз? Не де болса Қазспорт пен Қазақстан телеарнасынан 10 қыркүйектегі «бойды» күтеміз. Алға Гена!

 
1
0
478

Осы тақырып бойынша