Мазмұнға өту
DinGovKz

АДР РК

@DinGovKz

Сайтта 2013 ж. 13 наурызКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

рейтинг

100

жазбалар

316

пікірлер

4

тіркелуші

8

жазылымдар

2

ін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілханов Ресей ислам интитутының ректоры Рафик Мухаметшинмен кездесті.

Ү.ж. 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілханов Ресей ислам интитутының ректоры Рафик Мухаметшинмен кездесті.

Сұхбат барысында әлемдегі, Ресейдегі және Қазақстандағы діни ахуалдың мәселелері талқыланды. Кездесуде алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайтып, діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуге  және діни оқу орындардың қызметі бағытталған саласында тәжірибе алмасудың қажеттілігі атап өтілді.

0
0
319

Бүгін Дін істері агенттігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу барысында ұлтаралық келісім мен конфессияаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Кездесу Елбасы Жолдауын жүзеге асыру және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан ‑ 2017. Мақсаттардың ұлттық іс-әрекеттер жоспары» сайлау алды тұғырнамасының аясында «Діни әсіре белсенделіктің алдын алу саясаты: діни төзімділік және рухани отарлауға қарсы иммунитет» тақырыбында өтті. Кездесу барысында депутаттармен мемлекеттегі діни ахуал, еліміздің зайырлы мемлекеттік құрылымы аясындағы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас, деструктивті діни ағымдардың жастар санасына кері әсері, өңірлердегі терроризмге қарсы комиссиялардың экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу жұмыстары, «Е-ислам» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының қызметі туралы мәселелер талқыланды. Дін істері агенттігінің төрағасы М. Әзілханов өз баяндамасында Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты Елбасы Н…

0
0
394

Діни экстремизм

Онымен бірлесіп күресудің қоғамдық тетіктері қандай? Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен аса өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл, бір жағынан, дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсіп отыруынан көрініс табады. Бұл проблемалар өз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететін бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерді қойып отыр. Қазіргі күнде шешімін тап­паған жекелеген мәселелерге қарамастан, елімізде дін саласына қатысы бар мемлекеттік органдардың жұ­мыстары жүйелі деңгейде жол­ға қойылғаны туралы толық се­нім­мен айтуға бо­лады. Яғни, осы­ған қажетті инфрақұрылым мен құқықтық базаның негізі қа­ланды. Ат…

0
0
612

«Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында зайырлы және діндар әйелдерінің кездесуі болып өтті.

Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 8 Наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғамдағы діни құндылықтар» тақырыбында зайырлы және діндар әйелдерінің кездесуі болып өтті. Дөңгелек үстел отырысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, ҚР Парламентінің депутаттары, Л.Н.Гумилев атындағы университеттің оқытушылары, дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. Келелі кездесуде қатысушылар ислам дінінің құндылықтары, өмірлік тәжірибелері, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, діндар және зайырлы әйелдердің арасындағы ерекшеліктері, байланыстары, қоршаған ортада болып жатқан жантүршігерлік ж…

0
0
775

Дін істері агенттігінің Төрағасы М.А. Әзілханов Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың басты міндеттерін түсіндіру бойынша РАНТ басшылық етті

2014 жылғы 20-21 ақпанда ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы М.А. Әзілханов Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың басты міндеттерін түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихат тобына басшылық етті. Сапар шеңберінде Маңғыстау облысының әкімі А.С. Айдарбаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірдегі қазіргі діни ахуал мәселесі талқыланған соң, Агенттік Төрағасы әкімнің халықпен кезекті кездесуіне қатысты. Жолдаудың басты міндеттерін түсіндіру мақсатында Мұнайлы ауданының Маңғышлақ стансасының тұрғындарымен, облыстағы мемлекеттік құрылымдардың өкілерімен, оның ішінде ішкі саясат, жастар істері, дін істері, сәулет және қала құрылысы басқармаларының ұжымымен кездесулер өтті. «Нұр Отан» обл…

0
0
352

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының қатысуымен брифинг өтеді

Бүгін сағат 15:00-те Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілхановтың қатысуымен брифинг өтеді. Төраға агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындысымен және Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аясында жүктеліп отырған 2014 жылғы міндеттермен таныстырады.

0
0
210

2014 жылы 3 ақпанда өткен ҚР Дін істері агенттігі Алқасының кеңейтілген отырысында Агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланып, 2014 жылға арналған мақсаттары айқындалды.

Алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, Қауіпсіздік Кеңес Хатшысының орынбасары – Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі А. Әбдімомынов, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, Дін істері агенттігі, аймақтық дін істері басқармалары қызметкерлері, сонымен қатар діни және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Дін істері агенттігінің төрағасы М. Әзілханов Агенттіктің 2013 жылы атқарған жұмыс қорытындылары мен 2014 жылға арналған мақсат-міндеттері туралы негізгі баяндаманы жасады. Елімізде орнаған діни жағдайға тоқтала келе, М. Әзілханов оның тұрақты қалыпта әрі тұжырымдамалық (конструктивті) мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынастар түрінде дамып отырғанын атап өтті. Агенттік төрағасы 2013 жы…

0
0
372

Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтеді.

2014 жылғы 3 ақпан күні Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтеді. Алқа отырысында Агенттіктің 2013 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы талқыланып, 2014 жылға қойылған міндеттер белгіленеді. Отырысқа ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, Дін істері агенттігінің, ведомствоға бағынышты орталықтарының, діни ахуалды талдау сұрақтары бойынша айналысатын облыстардың дін істері басқарма басшылары мен діни және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қызметкерлері қатысады. Уақыты: басталуы - 10.00. Журналистерді тіркеу уақыты: 09.00-ден 10.00-ге дейін. Өткізілетін орны: Астана қаласы, Министрліктер үйі (№14 кіреберіс), 1 қабаттың Мәжіліс залында (В123). Аккредитация және толық ақпарат алу үшін Сіздерді Баспасөз қызм…

0
0
426

Дін істері агенттігі төрағасы М.Әзілхановтың Қазақстан Республикасының бас раввині Ешая Когенмен кездесті

2014 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасы М.Әзілхановтың Қазақстан Республикасының бас раввині Ешая Когенмен және Астана қаласы мен Ақмола облысының бас раввині Шмуэль Карнаухпен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында екі жақтың өкілдері Қазақстандағы діни ахуал туралы пікір алмасып, Қазақстандағы еврей қауымдары қызметтерінің кейбір аспектілерін талқылады.

Сұхбат барысында еврей қауымдарына Қазақстанда қызмет етуіне қажетті жағдай қамтамасыз етілгендігі туралы аталып өтті.

0
0
258

Дін және ұлттық мүдде

Діннің қоғамдағы орны, оның сана-сезімге әсері күрде­лі, көп аспектілі мәселе. Соның бірі – дін мен ұлттық мүдде­нің арақатынасы. Біріміз халқы­мыз­дың басын біріктіретін ең негізгі күш дін десек, енді біріміз ұлттық мүддені алдыға қоямыз. Сондықтан да «діннің орны жоғары ма, әлде төр ұлттық мүддеге тиесілі ме?» дегенді талқыға салу маңызды көрінеді. Тіл, дін, тарих, фольклор, көркем әдебиет, музыкалық мұра, отбасы тәрбиесі, әдет-ғұрып, т.б. халықтың сан ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани-мәдени қазынасы жиынын «ұлттық құндылықтар» атаймыз. Ал ұлттық құндылықтарды қайткен күнде де жоғалтпай сақтап қалу және әрі қарай дамыту шаралары мен іс-әрекеттерін жинақтап айтқанда, «ұлттық мүдде» дейміз. Жаратушы-құдірет барына шын сенім барлық ұлт, ұлыстардың жүрегін жауласа, мұны оларды таза ни…

0
0
574