Мазмұнға өту
DinGovKz

АДР РК

@DinGovKz

Сайтта 2013 ж. 13 наурызКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

рейтинг

100

жазбалар

316

пікірлер

4

тіркелуші

8

жазылымдар

2

«Дін және азаматтық қоғам»

2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматыдағы «Достық Үйінде» Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ және «Астана-Зерттеу» ҚҚ бірлесе ұйымдастыруымен «Дін және азаматтық қоғам» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференция жұмысына Астана, Алматы қалаларынан, елдің облыс орталықтарынан 100 адам қатысты. Олардың ішінде дінтану, саясаттану, әлеуметтану, философия саласының танымал ғалымдары, сарапшылар қауымы және мемлекеттік органдардың өкілдері, азаматтық қоғамның беделді институттарының, талдау құрылымдарының жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Дін және азаматтық қоғам арақатынасындағы ең өзекті де, тәжірибелік маңызы бар мәселелерді талқыға салу, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзе…

0
0
773

«Дін және азаматтық қоғам»

2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Дін істері агенттігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Астана – Зерттеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және азаматтық қоғам» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына ғалымдар, сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік орган, азаматтық қоғам және талдау жүргізу құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Конференция мақсаты: Дін саласындағы мелекеттік саясатты жүзеге асыру үрдісінде азаматтық қоғам өкілдерімен конструктивті байланыс орнату.

Өткізу уақыты: Басталуы – 10.00.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 – «Достық үйі».

0
0
368

«Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында»

Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі «Үлес-2020» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Өтетін уақыты: 6 желтоқсан, 2013 жыл, басталуы сағат 15.00-де. Мақсаты: Дін және дәстүр сұхбаты мәселелерін заманауи сын-тегеуріндер аясында қоғамдық ортада жан-жақты талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, жастардың ислам дінінің негіздері мен дәстүрлі құндылықтарды сабақтастыра отырып, дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін сана қалыптастыруына ықпал ету. Қатысушылар: дінтанушы ғалымдар, діни қатынастар саласының мамандары, ғылыми қызметкерлер, дін қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, ізденушілер, студенттер мен БАҚ өкілдері. Өткізілетін орны: Астан…

0
0
638

«Дін және дәстүр» атты облыстық конференция

Кеше Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы мен облыстық мешіттің ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» атты облыстық конференция өткізілді. Конференцияға облыстың дінтану пәнінің мұғалімдері, жоғары және арнайы орта оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитеттерінің төрағалары мен студенттері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Конференцияда Шығыс Қазақстан облысының жастар ісі жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары С. Женісов, «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибраһим қажы Қарнақбайұлы, «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Ақанов, облыстық мешітінің наиб имамы Д. Тулувхан, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А. Жылқыбаева сөз сөйледі. Конференция қорытындысы бойынша…

0
0
556

«Жастарға діни ағарту қажет»

«Қазақстан-2050» ақпараттық порталы. ҚР Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері А. Жүсіпованың «Жастарға діни ағарту қажет» атты мақаласы Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап демократиялық-құқықтық мемлекет жолын таңдағандықтан діни сенімге бостандықтың құқықтық негіздері қалыптасты. Еліміздің мәдени және тарихи құндылықтары тек қана Ислам мен Православия негіздеріне құрылған. Мемлекетіміздің ашықтық пен демократия жолындағы ұстанымы нәтижесінде соңғы жылдары дәстүрлі емес дін өкілдері мен жат ағымдар өз сенімдерін жая бастады. Олардың қатарында тоталитарлы негіздегі бұзақылық ниеттегілер де жоқ емес. Ол өз кезегінде қоғамның үлкен сынына ұшырап жүр. «Бұзу мен құртуға негізделген тоталитарлы сипаттағы дәстүр…

0
0
522

Әсіре діншілдік неліктен қауіпті?

Идеология саласында орын алып отырған олқылықтар, әсіресе, дін атын жамылған үлкенді-кішілі келеңсіздіктер қалың жұртшылықты алаңдатып отыр. Соңғылардың қайсібірінен де дінде шектен шығудың құлағы қылтияды. Ендеше, «Жау жоқ деме, жар астында» демекші, шектен шығушылықтың табиғаты мен онан келер кеселді жақсы білгеніміз абзал. Әсіре діншілдік неліктен қауіпті және ол неден туады? Баланың қиянатшыл һәм қатігез болып өсуіне құдайсыздық қалай әсер етсе, әсіре діншілдік тәрбие де солай әсер етеді. Неге десеңіз, екеуі де сағат маятнигінің қос шеткі нүктесі сияқты бек шетін жол. Қиянатшылдық – өзімшіл менмендіктен, яғни «менікі жөн, өзгенікі бұрыс» деген ой жүйесінен туады. Айталық, біз ғана «тура жолдамыз» дейтін ділі, жүрегі қатты тәкфирші ағымның өкілдері соның мысалы. Олар атеистер тұрмақ, н…

0
0
1573

Астана қаласында Дін істері агенттігі «Дін және әйел» тақырыбына арналған форум өткізеді.

2013 жылдың 22 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірлесе «Дін және әйел» тақырыбында форум өткізеді. Форумның мақсаты: «Дін және әйел» тақырыбын жалпыхалықтық деңгейде талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, жастардың дін негіздері туралы дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруға ықпал ету. Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнінд…

0
0
485

Әбу Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасы Х. әл-Мазругимен кездесті

18 қарашада Әбу Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктерінің Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасы доктор Хамдан әл-Мазругимен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы М.Әзілхановтың Әмірліктерге жұмыс сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Аталмыш сапар барысында екі елдің дін саласына жауапты мекемелері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда. Сонымен қатар Елші Қайрат Лама Шариф сұхбаттасын Қазақстан жастарына ислам құндылықтары туралы толыққанды мағлұматтар беруге арналған «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталымен таныстырды. Өз кезегінде Хамдан әл-Мазруги­ Әмірліктердегі www.awqaf.ae ақпараттық-консуль­та­тивтік веб-сайтының қызметі туралы баяндап берді. Кездесу соңында қ…

0
0
330

Неке жауапкершілікті талап етеді

Қазіргі қоғамымызда ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Еліміздің болашағы жастардың қолында деген сөз күнде айтылса да, сол жастардың отбасына деген жауапкершілігі азаюда. Қазақ тілінің сөздік қорында кездесетін «адал неке», «ақ неке», «адал жар» деген қасиетті ұғымдардың мәні мен маңызын жете түсінбей жүрген секілдіміз. Біздің бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған күрделі мәселелердің бірі – елімізде заңи жолынан айналып өтіп, тек шариғат жолымен шаңырақ көтеретіндердің тым көбейіп кетуі фактісі болмақшы. Өз-өзінен бұл жаман нәрсе емес. Әрбір ерлі-зайыптының құдай алдындағы міндеті. Дегенмен, неке қидыруға құмар ерлердің арасында шариғат бойынша деп бірнеше әйелмен отасып отырған азаматтар да баршылық. Деректерге сүйенсек, кейбір ниеті бұзық ерлер жауапк…

0
0
676

Қазақстан дінтанушыларының «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Үшінші Форумы болып өтті.

2013 жылдың 13 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан дінтанушыларының «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Үшінші Форумы болып өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі қазақстандық дінтанушы ғалымдар, теологтар, орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, сөз сөйледі. Қазақстан дінтанушыларының жыл сайынғы Форумы биыл пленарлық отырыстан басталып, онда Форумның негізгі тақырыбы талқыға салынды. Одан кейін төрт секциялық отырыс жалғасын тауып, онда зайырлы мемлекеттегі діни саясаттың маңызды мәселелері қозғалды. Форумда Қазақстан Республикасы Әкімшілігі Жетекшісінің Оры…

0
0
555