Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының қатысуымен брифинг өтеді
Бүгін сағат 15:00-те Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілхановтың қатысуымен брифинг өтеді. Төраға агенттіктің 2013 жылғы жұмыс қорытындысымен және Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы аясында жүктеліп отырған 2014 жылғы міндеттермен таныстырады.
