Мазмұнға өту
DinGovKz

АДР РК

@DinGovKz

Сайтта 2013 ж. 13 наурызКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

рейтинг

100

жазбалар

316

пікірлер

4

тіркелуші

8

жазылымдар

2

Дін істері комитетінің Интернет арқылы тегін қажылық ұйымдастыру бойынша ресми ұстанымы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті интернет желісі арқылы Сауд Арабиясы Королдігіндегі Мекке және Мәдина қалаларына тегін қажылық ұйымдастыруды ұсынатын белгісіз топтардың қызметтеріне алданып қалуыңыз мүмкін екендігін ескертеді. Біріншіден, еліміздегі қажылық жұмыстары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) арқылы Сауд Арабиясы тарапынан жыл сайын арнайы бөлінетін квота негізінде жүзеге асырылады. Қажылықты ұйымдастырумен тікелей ҚМДБ бекіткен туристік компаниялар айналысады. Жалпы, біздің елімізде ҚМДБ арқылы қажылық рәсімді өткізуге тегін квота бөлінетіні және ҚМДБ бекіткен фирмалардың мұндай жарнама тарататыны туралы ақпарат тәжірибеде болған жоқ. Ал қандай да бір жергілікті немесе шет елдік компаниялар арнайы бөлінетін квотасыз қажылық сапарды ұйымдастыр…

1
0
397

«Бір жол бар — алыс, алыс та болса жақын»

«E-islam.kz» ақпараттық-ағартушылық порталы. Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол. ғ. к. А.Әбдірәсілқызының «Бір жол бар - алыс, алыс та болса жақын» атты сұхбаты "Болмысыңа бақ бұйырған биіктен, Жанды түгіл, Жаратқанға сүйікті ең" деп адамзаттың асылына арнау жазып, "Үкім айт үмбетіңе, Ақырдың пайғамбары!!!" деп елшінің рухымен тілдескен Айнұр Әбдірәсілқызын бүгін біз әңгімеге тартпақпыз. Ислам Аллаға сенген азат жүректі Пайғамбардың оның елшісі екеніне куәлік еткізген уақыттан жер беті мұсылмандары тойлап келе жатқан Мәулід мерекесінің қазақ қоғамында да алар орны ерекше. Бұл орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері комитеті, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғ…

0
0
1564

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті

2014 жылғы 24-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың, Министрліктің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинның және Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының қатысуымен «Жастардың діни сауаттылық деңгейін арттыру, жастар арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, толеранттылықты насихаттау» тақырыбында брифинг болып өтті. Бастапқы сөзді алған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.Әзілханов Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы желісінде еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруда Министрлік алдындағы міндеттер туралы айтып өтті. Мемлекетіміздің зайырлы сипаты еліміз…

0
0
266

Министрліктер үйінде Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

2014 жылғы 24 желтоқсанда сағ. 15.00-де Министрліктер үйінде Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халық Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар дінтанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жүзеге асыру мәселелері қарастырылып, 2014 жылғы атқарылған жұмыстарға қорытындылау жасалынды. Кеңес отырысында Астана қаласы мен Ақмола облысының дін істері басқармаларының басшылары өз баяндамаларында Кеңес мүшелерін өңірлердегі діни ахуал және дін саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Шара соңында Кеңес мүшелерімен Кеңестің 20…

0
0
284

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг

24 желтоқсанда сағат 12:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, жастар арасында толеранттылықты насихаттау, жастарда діни сауаттылық деңгейін арттыру» тақырыбында болатын брифингке қатысушылар:

- ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат ӘЗІЛХАНОВ;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым ШОЙКИН;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Айнұр ӘБДІРАСЫЛҚЫЗЫ.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, жастар арасында толеранттылықты насихаттау, жастарда діни сауаттылық деңгейін арттыру діни сауаттылық деңгейін арттыру».

0
0
465

Дін істері комитетінде ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Діни төзімділік және конфессияаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері» тақыбында көшпелі отырысы өтті.

2014 жылдың 10 желтоқсанында Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінде ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Діни төзімділік және конфессияаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Көшпелі отырыстың жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дін істері басқармаларының және өңірлердегі дін мәселелерін зерттеу орталықтарының жетекшілері қатысты. Отырыс барысында Дін істері комитетінің 2014 жылғы жұмыс қорытындысы қарастырылып, дін саласындағы уәкілетті органның 2015 жылға арналған басым міндеттері анықталды. Көшпелі отырыс ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорға…

0
0
425

Қазақстан дінтанушыларының IV Форумы

2014 жылы 10 желтоқсанда Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз Сарайының» концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері Комитетінің және «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет: ерекшеліктері мен дамуының келешегі» тақырыбымен Қазақстан дінтанушыларының IV Форумы болып өтті. Форум жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, танымал отандық дінтанушы-ғалымдар мен теологтар, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Форум жұмысының өзектілігі ел тұрғындарының діни және құқықтық сауатының деңгейін көтерумен, зайырлы мемлекеттің мәні мен ерекшеліктерін және оның негізгі қағидаттарын түсіндірумен, сондай-ақ қазақ…

0
0
491

Ағымдағы жылғы 25 қарашада Астана қаласында «Терроризм және интернет» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

Ағымдағы жылғы 25 қарашада Астана қаласында «Терроризм және интернет» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті Аталған конференцияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Конференция діни экстремизм мен терроризмді насихаттауда Интернетті пайдалануға қарсы іс-қимыл бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында өткізілді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары, отандық ғалымдар ме…

0
0
492

Қазақстандық делегацияның Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары туралы пресс-релиз

2014 жылғы 17 және 20 қараша аралығында Вашингтонда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бастап келген қазақстандық делегацияның жұмыс сапары болып өтті. Аталған сапар дін және діни сенім бостандығы саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты күшейтумен қатар, Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезін өткізуіне дайындық жұмыстарының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанның Құрама Штаттардағы елшілігінің ұйымдастыруымен қазақстандық делегация АҚШ Конгресінде, Мемлекеттік департаментінде, АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясында бірқатар дәйекті кездесулер өткізді. Кездесулер барысында американдық тарап адамның діни сенім бостандығына қатынастағы құқығын қорғау саласында Қазақст…

0
0
252

Манғыстау облысы ақпараттық-насихат тобының кезекті кездесуі

Манғыстау облысы ақпараттық-насихат тобының кезекті кездесуі Ақтау қаласындағы энергетикалық колледжінде өтті. Студенттермен жүздескен теолог мамандар еліміздегі діни ахауалды айтып, оның ішінде экстремизм, терроризмге жол бермеу тақырыбына кеңінен тоқталды. Діни сауаты жоқ кез келген азамат теріс пиғылды ағымдағы күштердің арбауына түсіп қалуы мүмкін, сондықтан да мұның алдын алу үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Орта білім беру мектептерінде дінтану сабағы өтеді, "e-islam.kz" порталы жұмыс жасайды, республика бойынша ақпараттық талдау орталығы ашылып, жер-жерлерде ақпараттық-насихат тобы қызмет етеді. Осы туралы толық мағлұмат берген мамандар жастардың назарына «Қатерлі джихадизм» атты бейнероликті ұсынып, аз да болса діни танымын арттырды. Кездесуге қатысқан жүз елуден астам студент…

0
0
367