Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дін істері комитетінде ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Діни төзімділік және конфессияаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері» тақыбында көшпелі отырысы өтті.

2014 жылдың 10 желтоқсанында Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінде ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Діни төзімділік және конфессияаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.
Көшпелі отырыстың жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дін істері басқармаларының және өңірлердегі дін мәселелерін зерттеу орталықтарының жетекшілері қатысты.
Отырыс барысында Дін істері комитетінің 2014 жылғы жұмыс қорытындысы қарастырылып, дін саласындағы уәкілетті органның 2015 жылға арналған басым міндеттері анықталды.
Көшпелі отырыс ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М.С.Әшімбаевтың жетекшілігімен өтті.
Отырыс барысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі М.А.Әзілханов, Дін істері комитетінің Төрағасы Ғ.Н.Шойкин, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Е.Б.Мұратбеков, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры А.Әбдірәсілқызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қ.С.Сұлтанов, К.Н.Бұрханов, О.А.Асанғазы және басқалар сөз сөйлеп, пікірталастарға қатысты.
Депутаттар мен дін саласындағы уәкілетті орган өкілдері өз сөздерінде конфессияаралық тұрақтылық пен келісімді сақтау мен нығайтудағы маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жолдарын пысықтады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М.С.Әшімбаев өзінің қорытынды сөзінде осы отырыста қаралған мәселелер жөнінде ойын айтып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен пікірлерді түйіндеді.

0
0
427

Осы тақырып бойынша