Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан дінтанушыларының IV Форумы

2014 жылы 10 желтоқсанда Астана қаласындағы «Тілеп Қобыз Сарайының» концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері Комитетінің және «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет: ерекшеліктері мен дамуының келешегі» тақырыбымен Қазақстан дінтанушыларының IV Форумы болып өтті.
Форум жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері, танымал отандық дінтанушы-ғалымдар мен теологтар, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форум жұмысының өзектілігі ел тұрғындарының діни және құқықтық сауатының деңгейін көтерумен, зайырлы мемлекеттің мәні мен ерекшеліктерін және оның негізгі қағидаттарын түсіндірумен, сондай-ақ қазақстандық қоғамның дамуы мен өркендеуіндегі рухани құндылықтар рөлінің маңыздылығымен анықталды.
Дінтанушылардың IV Форумы пленарлық отырыспен басталып, одан соң үш секциялық тақырыптағы отырыспен жалғасын тапты:
1-секция:«Зайырлы білім беру – қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудің шарты ретінде»;
2-секция: «Заманауи қазақстандық қоғамдағы рухани дәстүрдің сабақтастығы»;
3-секция: «Қазақстан Республикасындағы діни жағдайды талдаудың өзекті мәселелері».
Дінтанушылардың IV Форумы аясында жалған діни ұйымдар мен деструктивті сипаттағы діни ағымдардың қоғамдағы ықпалын төмендетуге бағытталған алдын алу жұмыстарының пәрменділігін көтеру мақсатында дінтанушылық білім берумен және дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордағы қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылып, зайырлы мемлекеттің қағидаттарын ұстану мен нығайтудан туындайтын мәселелер бойынша отандық дінтанушы-ғалымдардың дәйекті сұхбаттасуы қамтамасыз етілді
IV Форум шеңберінде Қазақстан дінтанушылары қатарындағы үздік сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар аясындағы өзекті мәселелерді жариялап жүрген журналистер ресми түрде марапатталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан дінтанушыларының IV Форумының Қарары қабылданды.

0
0
492

Осы тақырып бойынша

Қазақстан дінтанушыларының IV Форумы - Yvision.kz