Мазмұнға өту
DinGovKz

АДР РК

@DinGovKz

Сайтта 2013 ж. 13 наурызКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

рейтинг

100

жазбалар

316

пікірлер

4

тіркелуші

8

жазылымдар

2

2013 жылғы 6-10 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 10 жылдығына арналған іс-шаралардың аясында Вашингтон мен Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты делегациясының құрамында болған Дін істері агенттігі өкілдері АҚШ мемлекет

Атап айтқанда, Агенттіктің Төрағасы Қайрат Лама Шариф, орынбасары М.Әзілханов, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.Әбуов, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының орынбасары Т.Козыревтың қатысуымен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк, АҚШ Мемлекеттік хатшысының демократия мәселелері, адам құқығы және еңбегі бойынша көмекшісі міндетін атқарушы Зиммерман, АҚШ Президентінің кеңесшісі және діни сенім бостандығы бойынша Мемлекеттік хатшысы Сьюзан Кук, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Рашад Хусейн, Өркениеттер Альянсы хатшылығының басшылығымен кездесулер орын алды. Кездесулер барысында Қазақстандағы және әлемдегі діни ахуалдың дамуы, екі елдің жалпыәлемд…

0
0
399

2013 жылдың 30 сәуір күні Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесе түрде дін тақырыбына маманданған журналистерге арналған «Дін туралы заңның тиімділігі» тақырыбында семинар-дәр

Семинар-дәріске Дін істері агенттігінің, Астана қаласы әкімдігі, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, отандық сарапшылар, Қазақстанның танымал дінтанушы ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің басында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Абуов Дін мәдениетінің тарихы және дәстүрі туралы айтып, бүгінгі күнгі бапасөз беттеріндегі жалпы ахуалы туралы айтып өтті. Бас редакторлар Клубының вице-президенті, «Әділет БАҚ медиа» газеті бас редакторының орынбасары М. Тоқтағазин Діни мәселелердің баспасөзде жазылуы инструменттерімен таныстырып, өзінің журналистік шеберлігімен бөлісті. Сонымен қатар жаңа занның тиімділігі туралы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Ә. Жуанышпаева баян…

0
0
401

«Abai.kz» ақпараттық порталы. ҚР Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ж.А.Жүргенбаеванің «Қазақстандық жол» атты мақаласы

Тәуелсіз Қазақстан жаһандық даму кезеңінде өзінің ішкі және сыртқы жолын айқындаған жас мемлекет. Бүгінгі кезде Қазақстанда жүргізіліп отырған реформалар тәжірбиесінің нәтижелі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің өздері де мойындап отыр. Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген. Ол - күшті президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар. Біздің үлгінің мәні мемлекеттік билікті әлсіретпестен, нарықтық экономиканың негіздерін жасауға және демократияландыруға бағытталған, түбегейлі реформалардың жиынтығына саяды. Егер де «Қазақстандық жол» туралы айтатын болсақ, әрине, бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты емес. Бұл - жалпы ко…

0
0
1236

Ү.ж. 25 сәуір күні Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Халықаралық конференциясын өткізді.

Конференцияға отандық және шетелдік діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы аймақтық Хатшылықтарының жетекшілері, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, ғылыми орта, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеров, Қазақстан Орыс православ шіркеуінің Астана және Алматы епархиясының протоиерейі Евгений Бобылев, Астана қаласындағы Әулие Мария Рим-католик архиепархиясының атқарушы кеңесшісі Евгений Джигарь, Қазақстан Республикасындағы Евангелие-лютеран шіркеуінің епископы Юрий Новгородов, сондай-ақ, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандары діни басқар…

0
0
464

2013 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Хатшылықтары, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысатын болады.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды қарастырып талқылау, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік, мәдени және рухани өміріндегі діни бірлестіктердің орны мен рөлін зерделеп, дәстүрлі діндер лидерлерінің қоғамдық ілгерішілік пен тұрақтылық, конфессияаралық татулықты сақтау мен дамытуға қосып жатқан үлесін салмақтап пайымдау.

Конференция Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылмақ.

0
0
354

2013 жылғы 19 сәуірде ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы А. Әбуов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болып, көпшілік алдында дәріс оқыды.

Кездесуге ҚР Парламент Сенатының депутаты, академик Ғ. Есім, Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Д. Қамзабекұлы және аталмыш оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дәріс барысында қазіргі заманғы ислам мәдениетінің өзекті мәселелері, оның  бүгінгі замандағы және әлемдік мәдениеттегі маңызы туралы, сондай-ақ бұл үрдістегі Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасының рөлі жөнінде әңгіме өрбіді.

Сонымен қатар, бүгінгі жаһандану заманында мәдени келісім мен ықпалдастықтың, және дінаралық қатынастардың елдегі тұрақтықты сақтап қалудағы алар орны жайлы да сөз қозғалды.

Шара соңында қатысушылар алғыстарын айтып, қызығушылық танытқан мәселелері бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.

0
0
246

А.ж. 12 сәуірде Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мен Атырау облысының әкімдігі бірлесіп «Жастар экстремизмге қарсы» атты жастар акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты жастарды діни экстремизмнің қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы жұмылдыру, экстремистік идеялардың таралуымен күресу, жастарды тиімді әлеуметтендірудің негізі ретінде ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлерді құрметтеу мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Іс-шараға облыстық жоғары оқу орындары мен арнайы орта білім беру мекемелерінің 8 мыңға жуық студенті қатысты. Жастар алдында баршаны патриотизмге шақыра отырып, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б. Смағұл, сондай-ақ облыстағы қоғамдық пікірдің аса беделді көшбасшылары сөз сөйледі. Жастар акциясының барыс…

0
0
386

12 апреля с.г. в г. Атырау на стадионе «Мұнайшы» Агентством Республики Казахстан по делам религий совместно с акиматом Атырауской области была проведена молодежная акция «Молодежь против экстремизма».

Целью проведение акции стало консолидация молодежи к угрозам и вызовам религиозного экстремизма, противодействие распространению экстремистских идей, воспитание в духе казахстанского патриотизма, уважение к национальной культуре, традициям и обычаям, как основа успешной социализации молодежи. В мероприятии приняли участие более 8 тысяч студентов ВУЗов и ССУЗов области. Перед молодежью с патриотическими призывами выступили: аким Атырауской области - С.Измухамбетов и Председатель Агентства по делам религий - К.Лама Шариф, председатель Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан - Г. Абдикалыкова, депутат Мажилиса Парламента РК Б. Смагул, а также авторитетные и уважаемые лидеры общественного мнения области. В ходе молодежной ак…

0
0
368

А.ж. 12 сәуірде Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Атырау облысының әкімдігі бірлесе «Дін және жастар» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, ғалым-сарапшылар, жоғары оқу орындарының студенттері мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қатысты. Конференцияның мақсаты – ел жастарының назарын діни экстремизмнің қатеріне аудара отырып, оның Қазақстанда таралуына идеологиялық тұрғыда қарсы әрекет етуге жұмылдыру. Конференцияда Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов, ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шариф, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Ертаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, қоғам қайраткері А.Айталы, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.С…

0
0
420

2013 жылғы 11 сәуірде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Дін және әйел» тақырыбына арналған форум болып өтті.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Атырау облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарапынан ұйымдастырылды. Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Атырау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО тәрбие ісі жөніндегі проректорлары мен студенттері, ғалымдар, ұстаздар, мәдениет және қоғам қайраткерлеріқатысты. Форумда Қазақстан Республикасы Пре…

0
0
593