2013 жылғы 11 сәуірде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Дін және әйел» тақырыбына арналған форум болып өтті.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Атырау облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарапынан ұйымдастырылды. Форумға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, Атырау облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО тәрбие ісі жөніндегі проректорлары мен студенттері, ғалымдар, ұстаздар, мәдениет және қоғам қайраткерлеріқатысты. Форумда Қазақстан Республикасы Пре…